"Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 наурызда № 9228 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 497 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 30.05.2015 № 497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 4 желтоқсанда № 8120 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 9-13 (27952) жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                              Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің  
2014 жылғы 3 наурыздағы 
№ 135 бұйрығымен бекітілді

«Шығу визаларын ұзарту және беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 55 қаулысымен бекітілген «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шетелдік паспортқа не  азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігіне Астана, Алматы қалаларының, облыстардың Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасы (бұдан әрі – ІІД КҚПБ) бастығының (бастықтың орынбасарының) қолымен куәландырылған, толтырылған визалық жапсырманы жапсыру жолымен Қазақстан Республикасының визаларын («G2», «Е1», «Е2», «Е3», «D8», «К1», «К2», «К3», «L1», «L2», «М1», «М2», «Р8» санаттары) ұзарту, Қазақстан Республикасының визаларын («G2», «G4», «J3», «L1», «Р1», «Р2», «Р3», «Р4», «Р5», «Р6», «Р7», «Р8» санаттары) беру не стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) әрекеттерінің
тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің құжат қабылдауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі «терезе» арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ): mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүргізіледі, онда көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы (бұдан әрі – орындаушы) көрсетіледі.
      5. Көрсетілетін қызметті алушының қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызметті берушіге берген стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттар қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) он минут ішінде орындаушының өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайлығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес келуін тексеруі;
      2) он минут ішінде орындаушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызмет алуға өтінішті тіркеуі;
      3) он минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының жауапты орындаушыны таңдауы;
      4) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдаған күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөліністерімен (бұдан әрі – ҰҚКД) келісу үшін орындаушының өтінішті жолдауы;
      5) бір жұмыс күні ішінде тиісті санаттағы визаны жапсыру не ҰҚКД жауабының негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің бір жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабарландыруы;
      7) он минут ішінде толтырылған виза жапсырғышы жапсырылған құжатты көрсетілетін қызметті берушіге беру.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнді құрайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
беруші құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекеттерін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші және мемлекеттік органдар құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орындаушы;
      3) қарастыратын және ҰҚКД-ге сұрау салу жолдайтын жауапты орындаушы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің бастығы;
      5) ҰҚКД қызметкерлері.
      9. Құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімдердің (әрекеттердің) ұзақтығын көрсететін рәсімдердің (әрекеттердің) кезектілігін сипаттау:
      1) мемлекеттік қызмет алуға қағаз тасымалдағышта келіп түскен өтінішті түскен күні тіркеу;
      2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен шынайлығын көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күні тексеру;
      3) көрсетілетін қызметті алушыдан ұсынылған құжаттар толық және шынайы болған жағдайда оларды қабылдаған күні келісу үшін ҰҚКД-ге сұрау салу жолдау;
      4) келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде ҰҚКД жауабын орындаушының өңдеуі және тиісті санаттағы визаны жапсыру не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 25.06.2014 № 376 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

«Шығу визаларын ұзарту және
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне   
қосымша         

      Ескерту. Регламент қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 25.06.2014 № 376 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады