"Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 486 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 желтоқсанда № 8131 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 514 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 01.06.2021 № 514 (06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4337 болып тіркелген, 2006 жылғы 1 қарашада "Юридическая газета" газетінде жарияланған, № 191 (1171)) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның (бұдан әрі - кәсіби ұйым) аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар (бұдан әрі - сертификат) беру тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кәсіби ұйымда аудиторлардың біліктілігін тұрақты арттырудың мақсаты аудиторлар меңгерген кәсіби білімдер мен дағдыларды тереңдету, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ аудит жөнінде ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.

      4. Аудиторлардың біліктілігін арттыру кәсіби ұйымның басшысы бекіткен біліктілікті арттырудың жоспар-кестесіне сәйкес жүргізіледі, ол кәсіби ұйымның ресми сайтында орналастырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сертификат беру үшін кәсіби ұйым:

      өзінің мүшелерін халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына, сондай-ақ аудиторлық қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері мәселелері бойынша оқытады;

      тыңдаушыларды тиісті оқу материалдарымен қамтамасыз етеді;

      қазіргі заманғы оқу-материалдық база құрады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және кейіннен оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жәмішев


О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 июля 2006 года № 278 "Об утверждении Правил выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 9 ноября 2012 года № 486. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 декабря 2012 года № 8131. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 1 июня 2021 года № 514.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 01.06.2021 № 514 (вводится в действие с 06.07.2021).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 июля 2006 года № 278 "Об утверждении Правил выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4337, опубликованный в газете "Юридическая газета" 1 ноября 2006 года, № 191 (1171)), следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В целях реализации подпункта 2) пункта 1 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 20 ноября 1998 года "Об аудиторской деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ";

      в Правилах выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила выдачи сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 20 ноября 1998 года "Об аудиторской деятельности" и определяют порядок выдачи аккредитованной профессиональной аудиторской организацией (далее - профессиональная организация) сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации аудиторов (далее - сертификат).";

      пункты 3 и 4 изложить в следующей редакции:

      "3. Целью постоянного повышения квалификации аудиторов в профессиональной организации является углубление профессиональных знаний и навыков, которыми обладают аудиторы, дальнейшее совершенствование полученных ранее знаний, а также повышения качества предоставляемых услуг по аудиту.

      4. Повышение квалификации аудиторов проводится в соответствии с планом-графиком повышения квалификации, утвержденным руководителем профессиональной организации, который размещается на официальном сайте профессиональной организации.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Для выдачи сертификата профессиональная организация:

      обучает своих членов международным стандартам финансовой отчетности и аудита, а также по вопросам изменения законодательства в области аудиторской деятельности;

      обеспечивает слушателей надлежащими учебными материалами;

      создает современную учебно-материальную базу.".

      2. Департаменту методологии бухгалтерского учета и финансовой отчетности, аудиторской деятельности Министерства финансов Республики Казахстан (Тулеуов А.О.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее опубликование в официальных средствах массовой информации в установленном законодательством порядке.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Министр

Б. Жамишев