Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 11.07.2016 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңы 7-бабының 19) тармақшасына және Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның 2012 жылғы 2 қарашадағы № 2 ұсыныстарын ескере отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. 14 (он төрт) көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналар айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Д. Мыңбай