Көпарналы хабар таратуда таралуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 203 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8178 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 34 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 11.07.2016 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Баспасөз-релиз

      2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңы 7-бабының 19) тармақшасына және Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның 2012 жылғы 2 қарашадағы № 2 ұсыныстарын ескере отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. 14 (он төрт) көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналар айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Д. Мыңбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады