"Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 803 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8195 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 209 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 26.03.2014 № 209 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағымен және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің     
2012 жылғы 23 қарашадағы
№ 803 бұйрығымен   
бекітілген      

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет
регламенті

1. Жалпы ереже

      1. Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабының 2) тармақшасына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1-бабы 4-тармағына және «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысымен (бұдан әрі – Қағида) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1241 қаулысымен бекітілген «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты адамдары, ақпараттық жүйелері немесе олардың кіші жүйелері;
      2) сараптамалық комиссия – Министрлік құрған, куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссия;
      3) мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі - Алушы) – заңды тұлға;
      4) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;
      5) куәландырушы орталықты аккредиттеу (бұдан әрі - аккредиттеу) - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсетудегі құзыретін уәкілетті органның ресми мойындауы.
      3. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабы 2) тармақшасы;
      2) Стандарт;
      3) Қағидалар негізінде көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі куәландырушы орталықты аккредиттеу және қағаз тасығышта куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап беру болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ге дейін күн сайын көрсетіледі, Қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Жеделдетілген қызмет көрсету режимі көзделмеген. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, кабинеті № А757, телефон: (87172) 74-03-64.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtс.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе 8 (7172) 74-06-85 телефоны бойынша беріледі.
      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін Алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі Стандарттың № 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырады.
      11. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуде кері қайтару негіздері Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмыскерлерімен қызметкерлері (бұдан әрі - ҚҚҚ) парақтардың санын, бақылау белгілерін көрсетумен электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде құжаттарды қабылдау, ашу, іріктеу және тіркеуді жүргізеді. Алушы тіркеу мөртабаны қойылған (кіріс нөмірі, күні) өтініштің көшірмесін алады. Почта бойынша құжаттарды тапсырған жағдайда, Алушы 8(7172) 74-03-64 телефоны бойынша ҚҚҚ-де қарауға құжаттардың пакетін қабылданғаны туралы біле алады;
      2) ҚҚҚ тіркелген құжаттарды Уәкiлеттi органның басшылығына жібереді;
      3) Уәкiлеттi органның басшылығы Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығына құжаттарды қарауға тапсырады;
      4) Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығы қажетті құжаттардың толықтығын және рәсімдеудің дұрыстығын қарайтын, тексеретін сарапшыға/бас сарапшыға құжаттарды қарауға тапсырады, Комиссия құрады және жұмысын ұйымдастырады;
      5) Комиссия өтiнiштердiң және оған қоса берілген құжаттардың Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестiгін қарайды;
      6) Комиссия қараудың негізінде бес данада хаттама құрады, оның бірі Алушыға жіберіледі;
      7) Комиссия құжаттар тексерiсінің оң нәтижесi жағдайында Алушыға хабарлама және тексерудің мерзімдерін жібереді;
      8) Комиссия куәландырушы орталықтың көшпелі зерттеуін жүзеге асырады, тексеру нәтижелерi туралы актіні рәсiмдейдi;
      9) Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы зерттеудің нәтижелері туралы актінің негізінде Аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе аталған куәлікті беруден бас тартады.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Алушының құжаттарын қабылдау ҚҚҚ қызметкері Уәкілетті органның жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер (өзара
іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (ҚФБ) іске қосылған:
      1) ҚҚҚ;
      2) Уәкiлеттi органның басшылығы;
      3) Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының бастығы;
      4) Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының сарапшысы/бас сарапшысы;
      5) Комиссия.
      16. Әр ҚФБ-нің іс әрекетінің (рәсімдерінің) нақты орындалу мерзімі және әкімшілік қарым-қатынастары мен мәтіндік кестелік сипаттар тізбегі осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация   
министрінің         
2012 жылғы 23 қарашадағы   
№ 803 бұйрығымен       
бекітілген «Куәландырушы   
орталықтарды аккредиттеу»  
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша           

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) сипаттамасы


Негізгі үдерістің әрекеті (барысының, жұмыс ағынының)

1

Әрекеттің (барысы, жұмыс ағыны) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

ҚҚҚ

Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының сарапшысы/бас сарапшысы;

Комиссия

Комиссия

Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы

3

Әрекеттің (үрдіс, рәсімдер, операция) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Қажетті құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын қарау, тексеру, Комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестiгіне өтiнiштердi және оған қоса берілген құжаттарды қарау

Куәландырушы орталықты шығу зерттеуі

Куәландырушы орталықты зерттеудің қорытындыларын қарау. Аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту.

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басқарушылық шешім)

Алушының өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды Уәкілетті органның Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасына жолдау

Комиссияны құру

Куәландырушы орталықты шығу зерттеуі

Тексеру нәтижелерi туралы актіні рәсiмдеу

Аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап

5

Орындалу мерзімі

15 минут

5 күнтізбелік күн

5 күнтізбелік күн

18 күнтізбелік күн

2 күнтізбелік күн

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация   
министрінің         
2012 жылғы 23 қарашадағы   
№ 803 бұйрығымен       
бекітілген «Куәландырушы   
орталықтарды аккредиттеу»  
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша           

Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің
логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара
қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар

 

Об утверждении Регламента государственной услуги "Аккредитация удостоверяющих центров"

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 803. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 декабря 2012 года № 8195. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 26 марта 2014 года № 209

      Сноска. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 26.03.2014 года № 209 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан «Об административных процедурах», а также согласно постановлению Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745 «Об утверждении реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемый Регламент государственной услуги «Аккредитация удостоверяющих центров».
      2. Комитету связи и информатизации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Нуршабеков Р.Р.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его официальное опубликование в средствах массовой информации и размещение на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить
на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
Сарсенова С.С.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Жумагалиев

Утвержден        
приказом Министра    
транспорта и коммуникаций 
Республики Казахстан    
от 23 ноября 2012 года № 803

Регламент государственной услуги
«Аккредитация удостоверяющих центров»

1. Общие положения

      1. Настоящий Регламент государственной услуги «Аккредитация удостоверяющих центров» (далее – Регламент) разработан в соответствии с подпунктом 2) статьи 1 Закона Республики Казахстан от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи», с пунктом 4 статьи 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах», а также в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2010 года № 1222 «Об утверждении Правил проведения аккредитации удостоверяющих центров» (далее – Правила) и со стандартом государственной услуги «Аккредитация удостоверяющих центров», утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2012 года № 1241 (далее – Стандарт).
      2. В настоящем Регламенте используются следующие понятия:
      1) структурно-функциональная единица (далее - СФЕ) - это должностные лица заинтересованных государственных органов и их структурные подразделения, информационные системы или их подсистемы, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги;
      2) экспертная комиссия (далее – Комиссия) – комиссия по аккредитации удостоверяющих центров, создаваемая уполномоченным органом совместно с осуществляющим руководство в сфере информатизации;
      3) получатель государственной услуги (далее – Получатель) – юридическое лицо;
      4) удостоверяющий центр - юридическое лицо, удостоверяющее соответствие открытого ключа электронной цифровой подписи закрытому ключу электронной цифровой подписи, а также подтверждающее достоверность регистрационного свидетельства;
      5) аккредитация удостоверяющего центра (далее – Аккредитация) – официальное признание уполномоченным органом, осуществляющим руководство в сфере информатизации компетентности удостоверяющего центра в оказании услуг.
      3. Государственная услуга «Аккредитация удостоверяющих центров» (далее – Государственная услуга) оказывается Комитетом связи и информатизации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее – Уполномоченный орган).
      4. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      5. Государственная услуга оказывается на основании:
      1) подпункта 2) статьи 1 Закона Республики Казахстан от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи»;
      2) Стандарта;
      3) Правил.
      6. Результатом оказываемой государственной услуги является аккредитация удостоверяющего центра и выдача свидетельства об аккредитации удостоверяющего центра (далее – свидетельство) на бумажном носителе, либо мотивированный ответ на бумажном носителе об отказе в предоставлении услуги.
      7. Государственная услуга оказывается бесплатно.

2. Требования к оказанию государственной услуги

      8. Государственная услуга оказывается Уполномоченным органом ежедневно, за исключением выходных и праздничных дней, с 9.00 до 18.30 часов, перерыв на обед с 13.00 до 14.30 часов. Предварительная запись для получения услуги не требуется. Режим ускоренного обслуживания не предусмотрен. Юридический адрес: 010000, город Астана, Есильский район, ул. Орынбор, д. 8, подъезд 14, кабинет № 757, телефон: (87172) 74-03-64.
      Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      9. Информация о порядке оказания государственной услуги и документах для ее получения размещаются на интернет-ресурсе Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан: www.mtс.gov.kz или по телефону: 8 (7172) 74-06-85.
      10. Для получения государственной услуги Получатель или по доверенности его Уполномоченный представитель представляет документы, предусмотренные пунктом 11 Стандарта.
      11. Сроки оказания государственной услуги указаны в пункте 7 Стандарта.
      12. Основания для отказа в предоставлении государственной услуги указаны в пункте 16 Стандарта.
      13. Этапы оказания Государственной услуги:
      1) работниками службы документационного обеспечения (далее - СДО) производится прием, вскрытие, сортировка и регистрация документов в единой системе электронного документооборота с указанием номера, даты и количества листов в регистрационном штампе, с указанием признаков контроля. Получатель получает копию заявления со штампом регистрации (входящий номер, дата). В случае сдачи документов по почте, Получатель может узнать о приеме пакета документов на рассмотрение в СДО по телефону: 8(7172) 74-03-64;
      2) СДО направляет на рассмотрение руководству Уполномоченного органа зарегистрированные документы;
      3) руководство Уполномоченного органа поручает рассмотреть документы начальнику Управления государственного контроля и надзора в области связи и информатизации Уполномоченного органа;
      4) начальник Управления государственного контроля и надзора в области связи и информатизации поручает рассмотреть документы эксперту/главному эксперту, который рассматривает, проверяет на полноту и правильность оформления необходимых документов, создает и организует работу Комиссии;
      5) Комиссия рассматривает заявление и приложенные к нему документы на соответствие установленным требованиям Правил;
      6) Комиссией на основании рассмотрения составляется протокол в пяти экземплярах, один из которых направляется Получателю;
      7) Комиссия в случае положительного результата проверки документов направляется Получателю уведомление и сроках проверки;
      8) Комиссия осуществляет выездное обследование удостоверяющего центра, оформляет акт о результатах обследования;
      9) Управление государственного контроля и надзора в области связи и информатизации Уполномоченного органа выдает на основании акта о результатах обследования свидетельство об Аккредитации или отказывает в выдаче указанного свидетельства.
      14. Прием документов Получателя для оказания государственной услуги осуществляется работником СДО в течение рабочего дня в соответствии с графиком работы Уполномоченного органа.

3. Описание порядка действий (взаимодействий)
в процессе оказания государственной услуги

      15. В процессе оказания государственной услуги задействованы следующие СФЕ:
      1) СДО;
      2) Руководство Уполномоченного органа;
      3) начальник Управления государственного контроля и надзора в области связи и информатизации Уполномоченного органа;
      4) эксперт/главный эксперт Управления государственного контроля и надзора в области связи и информатизации Уполномоченного органа;
      5) Комиссия.
      16. Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействия административных действий (процедур) каждой СФЕ с указанием срока выполнения каждого административного действия приведено в приложении 1 к настоящему Регламенту.
      17. Схема взаимодействия между логической последовательностью административных действий в процессе оказания государственной услуги и СФЕ приведенная в приложении 2 к настоящему Регламенту.

Приложение 1           
к Регламенту государственной услуги
«Аккредитация удостоверяющих центров»,
утвержденного приказом    
Министра транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан      
от 23 ноября 2012 года № 803  

Таблица 1. Описание действий (процедур) СФЕ


Действия основного процесса (хода, потока работ)

1

№ действия (хода, потока работ)

1

2

3

4

5

2

Наименование СФЕ

СДО

исполнитель управления государственного контроля и надзора в области связи и информатизации Уполномоченного органа

Комиссия

Комиссия

Управление государственного контроля и надзора в области связи и информатизации Уполномоченного органа

3

Наименование действия (процесса, процедуры, операции) и их описание

Прием и регистрация документов

Рассмотрение, проверка правильности оформления необходимых документов, организация работы Комиссии

Рассмотрение заявления  и проверка документов на соответствие установленным требованиям Правил

Выездное обследование удостоверяющего центра

Рассмотрение итогов  обследование удостоверяющего центра. Составление свидетельства об Аккредитации или отказ в выдаче свидетельства об Аккредитации

4

Форма завершения (данные, документ, организационно-
распорядительное решение)

Направление в Управление государственного контроля и надзора в области связи и информатизации Уполномоченного органа заявления Получателя с приложенными к нему документами

Создание Комиссии

Выездное обследование удостоверяющего центра

Оформление акт о результатах обследования

Выдача свидетельства об Аккредитации или письменный мотивированный ответ об отказе в выдаче свидетельства об Аккредитации

5

Сроки исполнения

15 минут

5 календарных дней

5 календарных дней

18 календарных дней

2 календарных дней

Приложение 2          
к Регламенту государственной услуги
«Аккредитация удостоверяющих центров»,
утвержденного приказом     
Министра транспорта и коммуникаций
Республики Казахстан       
от 23 ноября 2012 года № 803  

Схема взаимодействия между логической последовательностью административных действий в процессе оказания
государственной услуги и СФЕ