Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.10.2017 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларының 3-тармағының 5) тармақшасына және Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларының 6-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Сәтбаев Р.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің | |
орынбасары - Қазақстан Республикасы | |
Индустрия және жаңа технологиялар | |
министрі | Ә. Исекешев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсанда № 479 бұйрығымен бекітілген |
Асыл тастармен,бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған
зергерлік бұйымдармен,сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен
операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді
арнайы есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларына сәйкес әзірленген және асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу (бұдан әрі – арнайы есеп) тәртібін анықтайды.
2. Арнайы есепке алуды жүргізу
2. Арнайы есепті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті электрондық және қағаз форматта асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісін есептемегенде) және жеке кәсіпкерлердің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014.09.09 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Тізілім заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу шегіне қарай қалыптасады.
4. Арнайы есепке алу туралы өтінішті заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер тіркеу орындары бойынша уәкілетті органның аумақтық департаменттеріне не "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы (әрі қарай – портал) береді және заңды тұлғаның басшысы, жеке кәсіпкерлер қол қояды немесе электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырады, сондай-ақ олардың мөрлерімен куәландырылады.
Өтініште:
1) заңды тұлға үшін (бұдан әрі – ұйым) – заңды тұлғаның атауы,оның заңды мекенжайы, тегі және басшысының аты-жөні, байланыс телефонының нөмірі;
2) жеке кәсіпкерлер үшін – тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (сериясы, нөмірі, қашан бергені), тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014.09.09 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Ұйым мәлімдемемен бірге:
1) құрылтайшылық құжаттардың көшірмесін;
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін бизнес-сәйкестендіру номерін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны (қайта тіркеу) ұсынады.
6. Жеке кәсіпкерлер мәлімдемемен бірге бизнес-сәйкестендіру номерін (БСН) көрсете отырып, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесін қоса береді.
7. Уәкілетті органның аумақтық департаментіне сұратылған құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері салыстырып тексеру үшін ұсынылады.
8. Ұйымды немесе жеке кәсіпкерді арнайы есепке алу мәлімдеме қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті органның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.
9. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, мәлімдеме қараусыз қалады, бұл туралы құжаттар қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде дәлелді хат нысанында мәлімдеушіге хабарланады.
10. Тізілімде:
1) ұйымның толық атауы, жеке кәсіпкердің тегі және аты-жөні;
2) бизнес сәйкестендіру номері;
3) заңды мекенжайы;
4) басшының аты, тегі, әкесінің аты;
5) байланыс телефондары;
6) жүзеге асыратын қызметтері түрлерінің тізбесі;
7) Тізілімге енгізілген күні көрсетіледі.
11. Арнайы есепке қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде аумақтық департамент осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша, не аумақтық департаменттің уәкілетті тұлғаларының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат түрінде асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке қою туралы анықтама береді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014.09.09 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарда мәліметтер өзгерген жағдайда, мәліметтер өзгерген күннен бастап ұйым немесе жеке кәсіпкер ол туралы 10 жұмыс күні ішінде оларды арнайы есепке алған органға хабарлайды. Сонымен бірге салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары не нотариалды куәландырылған көшірмелері бірге ұсынылады.
нысан
Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған
зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен
операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке
кәсіпкерлерді арнайы есепке алу туралы анықтама
____________________________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы, басшының тегі, аты-жөні (жеке кәсіпкерлер
үшін – аты, тегі, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың
мәліметтері: сериясы, номері, кім, қашан берілді, мекенжайы бойынша
тіркеу орны), мекенжайы, байланыс телефоны
____________________________________________________________________
асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік
бұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында өңделмеген
табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен
жеке кәсіпкерлердің арнайы есебінде тіркелгені туралы беріледі.
Берілді: _________________________________________________
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және
метрология комитетінің департамент атауы
________________________________________________
Басшының аты-жөні, байл. тел.
М.О. "___"____________20___ж.