Өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының сертификат нысанын бекіту және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 677 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 қарашада № 15959 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 356 қаулысымен бекітілген Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларының 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының сертификат нысаны бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 677 бұйрығымен бекітілген
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ПО ИНВЕСТИЦИЯМ И РАЗВИТИЮ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН THE MINISTRY FOR INVESTMENTS AND DEVELOPMENT OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN Өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының сертификаттың № ______
№ ______ сертификата международной схемы сертификации необработанных природных алмазов № _______ of certificate of international certification scheme for rough diamonds

      KZ

      KIMBERLEY PROCESS CERTIFICATE

Берілген күні/ Дата выдачи/
Date of issue
"____"___________________
(күні, айы, жылы)/ (день, месяц, год)/
(day, month, year)

Қолдану мерзімі/ Срок действия/
Date of expiry
"____"____________________
(күні, айы, жылы)/ (день, месяц, год)/
(day, month, year)

Экспорттаушы ____________________________________________________
Экспортер/Exporter
(елдің коды, елі, кәсіпорынның атауы, (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), тіркеу орны, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН)/жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН)/
(код страны, страна, наименование предприятия (фамилия, имя, отчество (при наличии) физического лица), место регистрации, бизнес-идентификационный номер (БИН)/ индивидуальный идентификационный номер (ИИН)/
(country code, country, name of organization (full name of individual) registration place, business identification number (BIN)/
personal tax reference number (PTRN)
Алушы_____________________________________________________________
Получатель/Consignee
(елдің коды, елі, кәсіпорынның атауы, (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), тіркеу орны)/
(код страны, страна, наименование предприятия (фамилия, имя, отчество (при наличии) физического лица), место регистрации)/
(country code, country, name of organization (full name of individual) registration place

Келісімшарттың № ____________________________
Контракт № /Contract №

"_____"_________________________
(күні, айы, жылы)/(день, месяц, год)/
(day, month, year)

СЭҚ ТН тауар коды: ____________________________
Код ТН ВЭД товара/ Code system

Шығарған (өндірген) ел __________
Страна происхождения (добычи)/ Country of Origin (mining)


СЭҚ ТН тауар коды: __________________
Код ТН ВЭД товара/ Code system

Шығарған (өндірген) ел ______________
Страна происхождения
(добычи)/
Country of Origin (mining)


Code HS

weight in carats

Value, USD

7102.10



7102.21



7102.31



Total




Саны_________ дана/
Количество/ Number of pieces

Алмастардың жалпы салмағы:_____карат/ карат/ carats
Общая масса алмазов/
Total diamond weight

Алмастардың жалпы құны:__________АҚШ долл./ долл. США/ US $
Общая стоимость алмазов/Total diamond value

Осы партиядағы (жеткізу) өңделмеген табиғи алмастар Кимберлі үдерісінің өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттау халықаралық схемасы ережесіне сәйкес рәсімдеуден өтті./
Необработанные алмазы в настоящей партии (поставке) прошли оформление в соответствии с положениями международной схемы сертификации необработанных природных алмазов Кимберлийского процесса./
The rough diamonds in this shipment have been handled in accordance with the provisions of the Kimberley Process Certification Scheme for rough diamonds.



Пломба нөмірлері/
Номера пломб/
Numbers of seals

Мемлекеттік бақылаушы/ Государственный контролер/
State Controller

Ұйымның басшысы________________________________________________
Руководитель организации/Head of organization
(лауазымдық тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)/
(фамилия, имя, отчество (при наличии) должностного лица)/
(full name of the official)
мөр орны (бар болғанда)/
место печати (при наличии)/
the place for the stamp (in the presence)

      KZ

      Алмастар импортын растау талоны №________________________________________________

      Талон подтверждения импорта алмазов/

      Coupon of diamond import confirmation

      ________________________________________________________________________________

      Импорт елі/ Страна импорта/ Country of import

      ________________________________________________________________________________

      Жіберушінің атауы/ Наименование отправителя/ Name of consignor

      ________________________________________________________________________________

      Алушының атауы/ Наименование получателя/ Name of the receiver

      Келісімшарттың №___________                   "____"________________ _________

      № контракта/ № of Contract от/of                   (күн, айы, жылы)/ (день, месяц, год)/

      (day, month, year)

      Салмағы ________________ карат/ карат/ carats

      Масса/ Weight

      Құны ________________ АҚШ долл./долл. США/ US $

      Стоимость/ Value

      СЭҚ ТН тауар коды: _______________________

      Код ТН ВЭД товара/ Code system

Code HS

weight in carats

Value, USD

7102.10



7102.21



7102.31



Total



      Алу күні                               "_____" __________ _______________

      Дата получения/ Date of receipt             (күні, айы, жылы)/ (день, месяц, год)/

      (day, month, year)

      Мемлекеттік бақылаушы/Государственный контролер/ State Controller

      Рәсімдеу күні                         "_____" __________ _______________

      Дата оформления талона/Date of registration (күні, айы, жылы)/ (день, месяц, год)/

      (day, month, year)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 677 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының сертификатын ресімдеу және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 478 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8256 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 23-28 (27967) жарияланған).

      2. "Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 479 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8257 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 23-28 (27967) жарияланған).

      3. "Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 479 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 24 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9789 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 2 сәуірде " № 59 (27935) жарияланған).

      4. "Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 480 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8258 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 17 қаңтарда № 23-28 (27967) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады