Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 497 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 қаңтарда № 8311 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 4-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 10.01.2022 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 16-1-бабы 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін.

      3. "Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 291 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 қарашада № 5849 болып тіркелген және 2010 жылғы 18 ақпанда № 25 "Заң газетінде" жарияланған).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Индустрия және жаңа технологиялар


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау


  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушысының
2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 497
бұйрығымен бекітілген

Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар
қызметтерін жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерінің және сараптама актiсiн жасау және беру тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      өтініш беруші – тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлға;

      сараптама ұйымы – штатында тауардың шығу тегін сараптау, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторы бар заңды тұлға.

      4. Тауардың шығу тегін сараптауға, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындауға (бұдан әрi – Сараптау) мыналар кiредi:

      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7372 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушысының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 441 бұйрығымен бекітілген Тауардың шығу тегін растайтын құжаттар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көрсетілген құжаттар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты рәсімдеу, куәләндіру және беру жөніндегі ереженің (бұдан әрі – Тауар шығарылған елді анықтау ережесі) 45-тармағында көрсетілген құжаттар сараптамасы;

      2) сыртқы белгiлер, таңбалау бойынша тауарды сәйкестендiру (атауы, тұрпаты, түрi, орамасы, класы, дайындаушы кәсiпорын);

      3) жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемiнiң сәйкестiгiн айқындау және тауардың қосымша құнын айқындау мақсатында тауар шығарудың технологиялық процесiнiң сараптамасы.

      5. Бiлiктiлiк аттестатын алған және Тауар шығарылған елдi айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың тiзiлiмiне енгiзiлген сарапшы-аудитор Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесіне сараптама жүргізеді және сараптамалық қорытындыға қол қояды.

      6. Сарапшы-аудитор тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық пакетімен өтінімді ұсыну және тіркеу сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде тауардың Сараптаманы жүзеге асырады.

2. Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметінің тәртібі

      7. Тауар шығарылған елді айқындау, Сараптама актісін құрастыру және беру Қазақстан Республикасынан экспортталатын, керi экспортталатын тауарларға және ішкi айналымға арналған тауарларға жасалады.

      8. Қазақстан Республикасынан экспортталатын, кері экспортталатын тауардың шығарылған елін айқындау, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау үшiн сарапшы-аудитор, тауар:

      1) толығымен қазақстанда шығарылғандығын;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандаңы № 1478 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімде және Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың № 2454/93 Регламентінде келтірілген тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып (бұдан әрі – тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, қазақстанда шығарылған) қазақстанда шығарылғаны;

      3) Кеден одағы;

      4) шетелде шығарылғандығын белгiлеуi тиiс.

      9. Қазақстан Республикасынан экспортталатын, керi экспортталатын тауардың Сараптамасымен байланысты жұмыстарды сарапшы-аудитор Тауардың шығарылған елін айқындау ережесінің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде шарттық және өтініш беруші Тізбеге сәйкес ұсынған құжаттар пакеті негізінде жүргізеді.

      10. Сараптама нәтижесi бойынша сарапшы ұйым Тауардың шығарылған елін айқындау ережесінің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан экспортталатын, керi экспортталатын тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн өтiнiш берушiге бередi, онда тауар:

      1) толығымен қазақстанда шығарылған;

      2) жеткілікті қайта өңдеу өлшемін ескере отырып, қазақстанда шығарылғаны;

      3) Кеден одағы;

      4) шетелде шығарылғаны көрсетiледi.

      11. Ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау үшін, тауар:

      1) толығымен қазақстанда шығарылған;

      2) Тауар шығарылған елді айқындау ережесінде белгіленген тауарды жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемiн ескере отырып, қазақстанда шығарылғаны белгіленеді.

      12. Ішкі айналымға арналған тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сараптамамен байланысты жұмыстарды сарапшы-аудитор Тауар шығарылған елді айқындау ережесінің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде шарттық және 45-тармақта көрсетілген құжаттар пакеті негiзінде жүргізеді.

      13. Сараптама нәтижесi бойынша сарапшы ұйым Тауар шығарылған елді айқындау ережесінің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сараптама актiсiн өтiнiш берушiге бередi, онда тауар:

      1) толығымен қазақстанда шығарылғаны;

      2) Тауар шығарылған елді айқындау ережесінде белгіленген тауарды жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемдерiн ескере отырып, қазақстанда шығарылғаны көрсетiледi.

Об утверждении Правил осуществления деятельности экспертами-аудиторами по определению страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара

Приказ и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 28 декабря 2012 года № 497. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 января 2013 года № 8311. Утратил силу приказом и.о. Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 10 января 2022 года № 4-НҚ.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра торговли и интеграции РК от 10.01.2022 № 4-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 7 статьи 16-1 Закона Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления деятельности экспертами-аудиторами по определению страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара.

      2. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан (Сатбаев Р.А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее опубликование в официальных средствах массовой информации в установленном законодательством порядке.

      3. Признать утратившим силу приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 29 октября 2009 года № 291 "Об утверждении Правил осуществления деятельности экспертами-аудиторами по определению страны происхождения товара" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 10 ноября 2009 года № 5849 и опубликованный в "Юридической газете" 18 февраля 2010 года № 25).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан Тулеушина К.А.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И.о. Министра индустрии


и новых технологий


Республики Казахстан

А. Рау


  Утверждены приказом
и.о. Министра индустрии и новых
технологий Республики Казахстан
от 28 декабря 2012 года № 497

Правила осуществления деятельности экспертами-аудиторами по
определению страны происхождения товара, статуса товара
Таможенного союза или иностранного товара
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления деятельности экспертами-аудиторами по определению страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании".

      2. Правила определяют порядок деятельности экспертов-аудиторов по определению страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара и составления и выдачи акта экспертизы о происхождении товара.

      3. В Правилах применяются следующие понятия:

      заявитель – физическое или юридическое лицо, заинтересованное в получении сертификата о происхождении товара;

      экспертная организация – юридическое лицо, имеющее в штате эксперта – аудитора по определению страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара, осуществляющее работы по проведению экспертизы происхождения товара и определения статуса товара Таможенного союза или иностранного товара.

      4. Экспертиза происхождения товара, об определении статуса товара Таможенного союза или иностранного товара (далее - Экспертиза) включает:

      1) экспертизу документов, предусмотренных Перечнем документов, подтверждающих происхождение товара, утвержденного приказом и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 2 декабря 2011 года № 441, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7372 (далее - Перечень), и документов, предусмотренных пунктом 45 Правил по определению страны происхождения товара, составлению и выдаче акта экспертизы о происхождении товара и оформлению, удостоверению и выдаче сертификата о происхождении товара, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2009 года № 1647 (далее – Правила определения страны происхождения товара);

      2) идентификацию товара по внешним признакам, по маркировке (наименование, тип, вид, упаковка, класс, предприятие-изготовитель);

      3) экспертизу технологического процесса производства товара с целью установления соответствия критерию достаточной переработки и определения добавленной стоимости товара.

      5. Проводит Экспертизу и подписывает экспертное заключение эксперт-аудитор, получивший квалификационный аттестат и внесенный в реестр экспертов-аудиторов по определению страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара.

      6. Экспертиза проводится экспертом-аудитором в течение двух рабочих дней с момента предоставления и регистрации заявки и документов, подтверждающих происхождение товара.

2. Порядок деятельности экспертов-аудиторов по определению
страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза
или иностранного товара

      7. Определение страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара, составление и выдача акта Экспертизы осуществляются на товары, экспортируемые, реэкспортируемые из Республики Казахстан и на товары для внутреннего обращения.

      8. Для определения страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара, экспортируемого, реэкспортируемого из Республики Казахстан, экспертом-аудитором устанавливается, что товар:

      1) полностью казахстанского происхождения;

      2) казахстанского происхождения с учетом критериев достаточной переработки товара, установленных в Соглашении о Правилах определения страны происхождения товаров в Содружестве Независимых Государств, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2010 года за № 1478 и в Регламенте Европейского экономического сообщества № 2454/93 (далее - казахстанского происхождения с учетом критериев достаточной переработки товара);

      3) Таможенного союза;

      4) иностранного происхождения.

      9. Работы, связанные с Экспертизой товара, экспортируемого, реэкспортируемого из Республики Казахстан, проводятся экспертом-аудитором на договорной основе на основании заявки по форме согласно приложению 2 к Правилам определения страны происхождения товара и представленного заявителем пакета документов, предусмотренных Перечнем.

      10. По результатам экспертизы экспертная организация выдает заявителю акт экспертизы о происхождении товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара, экспортируемого из Республики Казахстан, реэкспортируемого из Республики Казахстан, по форме согласно приложению 3 к Правилам определения страны происхождения товара о том, что товар является:

      1) полностью казахстанского происхождения;

      2) казахстанского происхождения с учетом критериев достаточной переработки товара;

      3) Таможенного союза;

      4) иностранного происхождения.

      11. Для определения страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара, для внутреннего обращения устанавливается, что товар:

      1) полностью казахстанского происхождения;

      2) казахстанского происхождения с учетом критериев достаточной переработки товара, установленных Правилами определения страны происхождения товара.

      12. Работы, связанные с экспертизой по определению страны происхождения товара, статуса товара Таможенного союза или иностранного товара для внутреннего обращения проводятся экспертом-аудитором на договорной основе на основании заявки на проведение экспертизы происхождения товара для внутреннего обращения, по форме согласно приложению 5 и пакета документов, указанных в пункте 45 Правил определения страны происхождения товара.

      13. По результатам экспертизы экспертная организация выдает заявителю акт экспертизы о происхождении товара для внутреннего обращения по форме согласно приложению 6 к Правилам определения страны происхождения товара о том, что товар является:

      1) полностью казахстанского происхождения;

      2) казахстанского происхождения с учетом критериев достаточной переработки товара, установленных Правилами определения страны происхождения товара.