Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 441 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 9 қаңтарда № 7372 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 08.07.2014 № 257 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тауардың шығарылуын растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. «Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 17 қарашадағы № 388 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6673 болып енгізілді, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 3 ақпандағы № 35 (26437) нөмірінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте (Р.А.Сәтбаев):
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А.Тулеушинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрінің
      міндетін атқарушы                             А. Рау

Қазақстан Республикасы     
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі міндетін атқарушының 
2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 441
бұйрығымен бекітілген     

Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі

      1. Өтініш берушінің мәртебесiн растайтын құжаттар:
      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда куәландырылған көшірме) – жеке тұлғалар үшін;
      2) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) куәлігі және жарғысының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда куәландырылған көшірме) – заңды тұлғалар үшін;
      3) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда куәландырған көшірме) – жеке кәсіпкерлер үшін.
      2. Сыртқы сауда келiсiм-шартының (шарттың) түпнұсқасы мен көшiрмесi және шот-фактура немесе шот-проформа немесе тауардың қаржылық және/немесе сандық параметрлерiн көрсететiн өзге де құжат (жүк бiр жүк жөнелтушiден екiншi сол бiр жүк алушыға баратын ұзақ мерзiмдi сыртқы сауда шарттарын/мәмiлелерiн жүзеге асыру кезiнде шот-фактура немесе шот-проформа талап етілмейді).
      3. Тауардың толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған жағдайда тауардың толығымен Қазақстан Республикасында шығарылғаны туралы растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмесi
      1) тауарды өндірушімен немесе тауарды алу туралы келісім немесе тауарды алыс-беріс туралы құжаттары;
      2) жөнелтпе құжаттар;
      3) астық қолхаттардың куәландырылған көшірмелері;
      4) өнімді жинау орны туралы Өтініш берушінің анықтамасы;
      5) есептен шығару актісі;
      6) қайта өңдеу актісі;
      7) тауарды тасымалдау туралы құжаттар;
      8) дайын бұйымға техникалық паспорт немесе зауыт-әзірлеушінің сапа төлқұжаты;
      9) шикізатты өнімдеу және жасау құқығы бар құжат (дайындаушы және өндіруші кәсіпорындар үшін);
      10) тауар өндірудің технологиялық процесіне сәйкес стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттар).
      4. Тауардың Қазақстан Республикасында жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерімен шығарылған жағдайда тауарды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiн айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмесi
      1) тауардың өндіруінде қолданылатын шикiзат пен құрауыштарға келісімдер және/немесе төлемді құжаттар;
      2) жүкқұжаттар;
      3) техникалық процестің қысқаша сипаттамасы;
      4) стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттар;
      5) шетелде шығарылған пайдаланылатын шикiзат немесе құрауыш бағасын ескере отырып, тауардың өзiндiк құн есебiнің шығын калькуляциясы.
      5. Қызмет түріне (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса) арналған лицензияның және (немесе) рұқсат қағаздың түпнұсқасы және көшiрмесi.
      6. Егер тауар жануарлардан, өзен және теңiз кәсiпшiлiгiнен алынған тауар болса, сондай-ақ егер тауарлар жануарлар азығына арналған болса ветеринарлық сертификаттың түпнұсқасы және көшiрмесi.
      7. Қоймалық анықтаманың және (немесе) тауардың саны мен тұрған орнын көрсете отырып Өтініш берушідегі тауардың барын растайтын ресурстық анықтаманың түпнұсқасы және көшiрмесi.
      8. Жемiс-көкөнiс өнiмдерi үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтық бiрлiгiнiң жергiлiктi атқарушы органының өндіруші көрсетуімен, көрсетілген аумақта өнімнің өсірілгені туралы анықтамасының түпнұсқасы мен көшiрмесi;
      2) тауарды сатып алу шарты немесе заңды тұлғалар үшін сатып алу актісі әлбетте түпнұсқаны немесе тауар өндірушімен нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесін ұсынуымен.
      9. Қазақстан Республикасынан тауарды кері экспорттау кезінде:
      1) тауарды алу туралы құжаттар (келісім, шот-фактура);
      2) Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткізуді растайтын құжаттар;
      3) тауардың шығарылуын растайтын құжаттар (тауардың шығу тегі туралы сертификат немесе тауардың шығу тегі туралы декларациясы).
      Ескертпе:
      Құжаттардың түпнұсқалары оларды көшiрмелерiмен салыстырып тексергеннен кейiн өтiнiш берушiге қайтарылады.
      Шарттың әрекет ету мерзімі бір күнтізбелік жылдан созылатын ұзақ мерзімді келісімдер (келісімшарттар) және Өтініш берушінің құқықтық мәртебесiн, сонымен қатар сериялық өндірісті растайтын құжаттар оларға өзгерістер енгізуіне қарай бір рет ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады