Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2012.12.13 № 158-1828 қаулысымен.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 158-17 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 709 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 7 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 7 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген 2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі:
төмендегі мазмұндағы реттік нөмірлері № 156-167 жолдармен толықтырылсын:
«
Р/с № | Кәсіпорындардың, ұйымдардың атауы | Жұмыстардың түрлері |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
156. |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуде көмек көрсету. |
157. |
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы» ММ |
|
158. |
«Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы» ММ |
Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуде көмек көрсету. |
159. |
«Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ |
|
160. |
«Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ |
|
161. |
«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ |
Аумағын абаттандыруға және жинақтауға көмек көрсету. |
162. |
«Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дәулет» спорт комбинаты» МКҚК |
|
163. |
Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры |
Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуде көмек көрсету. |
164. |
«Әскери-спорт клубтарының федерациясы» қоғамдық бірлестіктің Астаналық филиалы |
|
165. |
Астана қаласының «Мүгедектердің жастар қоғамы» ҚБ |
Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, қоғамдық пiкiрдi сұрау, мүгедектер және басқалармен жұмыс iстеуге көмек көрсету. |
166. |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуде көмек көрсету. |
167. |
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/10 мекемесі» РММ |
».
төмендегі мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ - Мемлекеттік мекеме
МКҚК - Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
ПИК - Пәтер иелерінің кооперативі
ПИК (Ү) - Пәтер және үй-жайлар иелерiнiң кооперативi
ПИК және ТЕҮ - Пәтер иелерiнiң кооперативi және тұрғын емес үй-жайлар
ҮИК - Үй-жай иелерінің кооперативі
ҮИК (П) - Пәтер және үй-жай иелерінің кооперативі
ҚБ - Қоғамдық бірлестік
ҚҚ - Қоғамдық қор
ЗТҰ - Заңды тұлғалардың ұйымы
РММ - Республикалық мемлекеттік мекеме
ЖҚ - Жеке қор».
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкім И. Тасмағамбетов