Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 15.01.2013 № А-1/19 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуiрдегi № А-4/162 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3431 болып тiркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басын қаржыландыру көлемі және ата-аналар төлемінде:
«Бурабай ауданы» бөлімінің «мемлекеттік балабақшалар» бөлімшесін келесі мазмұндағы реттік нөмірі 26 - жолмен толықтырылсын:
«
26 |
«Бурабай ауданының білім бөлімі жанындағы Бурабай ауданы әкімдігінің «Ромашка» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
25 |
18 109,6 |
7000 |
18 109,6 |
»;
«Көкшетау қаласы» бөлімінің «мемлекеттік балабақшалар» бөлімшесін келесі мазмұндағы реттік нөмірі 6-2 - жолмен толықтырылсын:
«
6-2 |
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №10 «Алтын бала» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны |
320 |
18 109,6 |
7 869,4 |
18 109,6 |
».
2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Қайнарбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ақмола облысының әкімі Қ.Қожамжаров