Ақмола облысы әкiмдігiнiң 2012 жылғы 4 сәуiрдегi № А-4/162 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № А-13/631 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 қаңтарда № 3592 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № А-1/19 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 15.01.2013 № А-1/19 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуiрдегi № А-4/162 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3431 болып тiркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      осы қаулымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басын қаржыландыру көлемі және ата-аналар төлемінде:
      «Бурабай ауданы» бөлімінің «мемлекеттік балабақшалар» бөлімшесін келесі мазмұндағы реттік нөмірі 26 - жолмен толықтырылсын:

      «

26

«Бурабай ауданының білім бөлімі жанындағы Бурабай ауданы әкімдігінің «Ромашка» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

18 109,6

7000

18 109,6

»;

      «Көкшетау қаласы» бөлімінің «мемлекеттік балабақшалар» бөлімшесін келесі мазмұндағы реттік нөмірі 6-2 - жолмен толықтырылсын:

      «

6-2

Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №10 «Алтын бала» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

320

18 109,6

7 869,4

18 109,6

».

      2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Қайнарбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
 

      Ақмола облысының әкімі                     Қ.Қожамжаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады