Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-5 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2) тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы А.Тайшытаев
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Н.Дьячек
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысының әкімі Қ.Қожамжаров
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің
Ақмола облысы бойынша
департаментінің директоры К.Шайсултанов
Ақмола облыстық мәслихатының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 5С-8-9 шешімімен
бекітілді
Ақмола облысының елді мекендерінде
иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және қыдырту
ережесі
1 тарау. Жалпы ереже
1. Ақмола облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және қыдырту ережесі (әрi қарай - Ереже) Ақмола облысы аумағында иттер мен мысықтардың ұстауын және қыдыртуын регламенттеу мақсатымен әзiрленген.
2. Ереже меншiк нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға бiрдей таратылады. Ерекшелiктi тек қызметтiк иттерi және тәлiмбақтар бар құқық қорғау органдарының мекемелері құрайды.
3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзiрленген.
2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау жағдайлары
4. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелерiне санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық ережені сақтау керек.
5. Көп қабатты үйлердiң қоғамдық орындарында (баспалдақ торларында, жер қабаттарында, дәлiздерде), сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттердi ұстауға тыйым салынады.
6. Жеке үйлердің иелері иттердi олардың қашып кетпеуiне жол бермейтін жеке аула шекарасында ұстайды. Үй ауласына кiреберiсiнде, дарбазада иттер бар екендiгi туралы белгi болуы тиiс.
7. Қоғамдық орындарда иесiз жүрген иттер мен мысықтар, кәсiпорындар мен мекемелерде иесi байлап кеткеннен басқасы, қаңғыбас деп есептеледi және қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтерiмен мiндеттi аулауға жатады.
Бақылаусыз қалған иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
3 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртiбi
8. Иттер мен мысықтардың иелерi заңды мәртебесiне және меншiк нысанына қарамастан:
1) иттер мен мысықтарды ұстауды осы Ереженiң талаптарына сәйкес қамтамасыз етедi;
2) қоршағандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, санитарлық ережелерді сақтау үшiн қажеттi шараларды қабылдайды;
3) иттер мен мысықтарды ұстағанда және қыдыртқанда пайда болған жалпыға ортақ қолданылатын орындарды және басқа да қоғамдық орындарды ластанудан тазартады;
4) жануарды егу, қарау және ұстауға байланысты шығындарын осыларды жүзеге асырған органдарға барлық шығындарын өтейдi;
5) жануарлар тiстеген, сонымен қатар жануарлардың қапыда жұт болған барлық жағдайлар жөнiнде селолық округтiң мал дәрігеріне немесе ветеринарлық қадағалау органдарына және денсаулық сақтау органдарына дереу хабарландырады, ауруға күмән болған жағдайда, ветеринарлық қызметiнiң мамандары келгенше, жануарды жеке ұстау немесе жануарды қоғамдық көлiктi қолданбай мал дәрiгерiне жеткiзуi тиiс;
6) құлаған жануарлардың өлекселерi мал қорымдарында немесе өлексе жағатын пештерде өртейді;
7) ветеринарлық қызметкерлерге жануарларды диагностикалық зерттеу және вакцинация мен дегельминтизацияны өткiзу үшiн олардың талабы бойынша бередi.
9. Жануарлардың құтыру ауруға шалдыққан күдiктi фактiсi анықталған жағдайда, осы инфекцияға қарсы бұрын идентификация және иммунизация процедураларын өтпегенде - оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынады және жойылады.
4 тарау. Иттер мен мысықтарды қыдырту тәртiбi
10. Жануарларды қыдырта жүрiп, олардың иелерi мына ережелердi ұстану керек:
1) иттердi аулада, балалар алаңдарында, мектеп аулаларында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде қыдыртуға болмайды. Қыдыратын орынға жеткенше иттер мен мысықтардың қалдырған (табиғи шығарылымдарын) ластауларын тазартуға;
2) иттердi арнайы бекiтiлген, қоршалған жерлерде қыдырту керек, егер осындай жерлер болмаса, иттердiң қыдыртуын құла далада жүзеге асырылады;
3) адамдар көп шоғырланатын жерлерде, қоғамдық көлiктерде және қоғамдық орындарда иттердi қысқа жiппен және мұрынға киетiн құралмен шығару керек;
4) иттердi түнгi уақытта қыдыртқан кезде олардың иелерi тыныштықты сақтау бойынша шараларын қамтамасыз етедi.
5 тарау. Қорытынды ережелер
11. Осы Ереженi бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.