Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 05.11.2014 № 03-45ш/2838 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 341 қорытындысы негiзiнде Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Степногорск қаласы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары О.В.Робертке жүктелсiн.
3. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет Департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Степногорск қаласының әкімі А.Никишов
Степногорск қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 2 мамырдағы
№ А-4/177 қаулысына
қосымша
Степногорск қаласы бойынша 2012 жылға арналған
субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің
ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы
басым дақылдарының әрбір түрі бойынша
егіс жүргізудің оңтайлы мерзiмдерi
№ |
Субсидияланатын басым |
Ауыл шаруашылығы |
Субсидия |
1 |
Орташа кеш жаздық |
15 мамырдан |
28 мамырға |
2 |
Орташа піскен жаздық |
17 мамырдан |
30 мамырға |
3 |
Орташа ертерек жаздық бидай |
20 мамырдан |
1 маусымға |
4 |
Жаздық арпа |
27 мамырдан |
4 маусымға |
5 |
Сұлы |
27 мамырдан |
4 маусымға |
6 |
Картоп |
12 мамырдан |
26 мамырға |
7 |
Ашық топырақтағы |
1 маусымнан |
16 маусымға |
8 |
Біржылдық шөптер |
20 мамырдан |
26 мамырға |