Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 12.04.2013 № 5С-15/5 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарабұлақ селосында тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Екінші деңгейдегі банктан алушының жеке шотына ақшалы қаражаттарды аудару жолымен әлеуметтік көмектің іске асырылатыны анықталсын.
3. Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/4 «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-103 тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпанда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрайымы Р.Сахневич
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Ғ.Көпеева
КЕЛІСІЛДІ
Степногорск қаласының әкімі М.Тақамбаев