Ауылдық елді мекендерге тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 желтоқсандағы № 4С-14/4 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 ақпанда № 1-2-103 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 31 қазандағы № 5С-10/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.10.31 № 5С-10/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 11)14) тармақшаларына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса берілген Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын  шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесі (бұдан әрі-Ереже) бекітілсін.
      2. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы               В. Казаков

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                            Ғ. Көпеева

      КЕЛІСІЛДІ

      Степногорск қаласының
      әкімі                              А. Никишов
      

Степногорск қалалық мәслихатының
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 4С-14/4 шешімімен
бекітілген

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Осы Төлем ережесі жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтейтін өтемақының төленуін реттейді.
      2. Төлем ережесін қабылдаудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңы болып табылады.

 2. Өтемақы төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

      3. 451-004 “Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасының” әкімшісі "Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.

3. Отын сатып алу үшін өтемақы төлеу тәртібі
және мөлшері

      4. Өтемақы төлемі жылына бір рет отбасының бір мүшесіне ақшалай түрде ұсынылады.
      5. Отын сатып алу өтемақысына үміткер "Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) жеке куәліктің көшірмесі;
      3) үйдің, пәтердің техникалық паспортының көшірмесі;
      4) СТН (салық төлеушінің нөмірі) көшірмесі;
      5) үй кітапшасының көшірмесі;
      6) жұмыс орнынан анықтама.
      6. "Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі" мемлекеттік мекемесі тізімдерді алыптастырады.
      7. Бір маманға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде отын   сатып алуға арналған ақшалай біржолғы төлем ауылдық елде  мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын мәдениет, спорт, білім  беру, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мемлекеттік    ұйымдар мамандарының дербес шоттарына аударылады. 

4. Өтемақы төлемін қаржыландыру

      8. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін өтемақы төлеу шығындарын қаржыландыру 451-004 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша қала бюджетінен бөлінеді. 

5. Төлемнің жүзеге асырылуын бақылау

      9. Әлеуметтік төлемдердің берілуі жөніндегі бақылау мен есеп беру қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады