Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 26.03.2013 № 01-359 хатымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерден кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімін өткермеген азаматтардың, 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
Атбасар ауданының әкімі Р.Әубәкіров
«Келісілді»
«Ақмола облысы Атбасар
қаласының Қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж. Қарқынбаев