2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № А-4/169 қаулысы. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 сәуірде № 1-5-180 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 01-359 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 26.03.2013 № 01-359 хатымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерден кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімін өткермеген азаматтардың, 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.

      Атбасар ауданының әкімі                    Р.Әубәкіров

      «Келісілді»

      «Ақмола облысы Атбасар
      қаласының Қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж. Қарқынбаев

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Постановление акимата Атбасарского района Акмолинской области от 26 марта 2012 года № А-4/169. Зарегистрировано Управлением юстиции Атбасарского района Акмолинской области 5 апреля 2012 года № 1-5-180. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо руководителя аппарата акима Атбасарского района Акмолинской области от 26 марта 2013 года № 01-359)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо руководителя аппарата акима Атбасарского района Акмолинской области от 26.03.2013 № 01-359).

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих», Указом Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года», постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года» акимат Атбасарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать и обеспечить призыв на срочную воинскую службу в апреле – июне и октябре - декабре 2012 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Атбасарского района Каженова Ж.Г.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Атбасарского района                   Р.Аубакиров

      «Согласовано»

      Начальник государственного
      учреждения «Объединенный
      отдел по делам обороны
      города Атбасар Акмолинской
      области»                                   Ж.Каркинбаев