Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 5С-4-3 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 мамырда № 1-6-174 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 5С-14-7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 4 қарашадағы № 4С-26-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 1-6-144 тіркелген, 2010 жылғы 21 желтоқсанда аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық
      мәслихатының
      сессия төрайымы                            Ж.Дүйсекеева

      Астрахан аудандық
      мәслихатының
      хатшысы                                    В.Собеский

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Астрахан ауданының әкімі                   Р.Әкімов

Астрахан аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 20 сәуірдегі  
№ 5С-4-3 шешімімен     
БЕКІТІЛДІ          

Астрахан ауданында тұратын
аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді және Астрахан ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен Астрахан ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жұмсалған төлем бойынша шығынды төлеу үшін ұсынылады:
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметін тұтыну төлемін;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына төлеуге берiледi;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясын шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.11.27 № 5С-10-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалданған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйде (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйде (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5, электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орналатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 10 % мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.11.27 № 5С-10-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
      4. Жергілікті жылумен қатты отынды тұтынуға өтемақы нормасы өтініш беру тоқсанында отбасына, жылу беру маусымына бес тонна деп белгіленсін. Статистикалық мәліметке сәйкес өткен тоқсанда құрылған көмірдің орташа бағасы қабылдансын.
      5. Газ баллонмен жабдықтау кезінде өтемақы нормасы отбасының әр мүшесіне айына 0,5 газ баллоннан.
      6. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 50 (елу) киловаттан белгіленсін.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      8. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      9. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
      10. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) келесі құжаттар қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының аңықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің аңықтамасы);
      4) отбасы мүшелерінің табыстарын растайтын құжаттар;
      5) отбасы мүшелерінің қызметі туралы мәліметтер (мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі, оқу орнынан анықтама, еңбек шарты);
      6) өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтерді тұтыну шоты (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару, электр қуатымен жабдықтау);
      7) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясын шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге берілетін түбіртек-шоты.
      Ескерту. 10 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.11.27 № 5С-10-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттармен қоса қосымша келесілерді ұсынады:
      1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
      2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
      12. Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтері төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі.
      13. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің мөлшері туралы шоттар.
      14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
      15.Қайта өтініш берген кезде 10 тармағындағы 1, 2, 3, 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттар өзгерістер туындаған жағдайда ұсынылады.
      16. Тұрғын үй көмегi меншiгiнде бiр бiрлiктен көп тұрғын үйi (пәтер, үй) немесе тұрғын үйiн жалға беретiн, сондай-ақ еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскер қатарында емес және «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшелерi бар отбасылардан (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) басқа аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады.
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі жағдайларда шығарады:
      1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгілеген 10 % шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалған мәліметтер көрсетілсе.
      18. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
      19. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады;
      20. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      21. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облысы филиалының Астрахан аудандық пошта байланыс торабы арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      22. «Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептей.

Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающих в Астраханском районе

Решение Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 20 апреля 2012 года № 5С-4-3. Зарегистрировано Управлением юстиции Астраханского района Акмолинской области 18 мая 2012 года № 1-6-174. Утратило силу решением Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 29 марта 2013 года № 5С-14-7

      Сноска. Утратило силу решением Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 29.03.2013 № 5С-14-7 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», Астраханский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Астраханском районе согласно приложению к настоящему решению.
      2. Признать утратившим силу решение Астраханского районного маслихата «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Астраханском районе» от 4 ноября 2010 года № 4С-26-3 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-6-144, опубликовано 21 декабря 2010 года в районной газете «Маяк»).
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      Астраханского
      районного маслихата                        Ж. Дюсекеева

      Секретарь Астраханского
      районного маслихата                        В. Собеский

      СОГЛАСОВАНО

      Аким астраханского района                  Р.Акимов

Утверждены
решением Астраханского
районного маслихата
от 20 апреля 2012 года
№ 5С-4-3

ПРАВИЛА
предоставления жилищной помощи
малообеспеченным семьям (гражданам)
проживающим в Астраханском районе

      Настоящие Правила предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам проживающим в Астраханском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях»,постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам», постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи» и определяют размер и порядок назначения жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Астраханском районе.

1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств районного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Астраханском районе для возмещения затрат по оплате:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 27.11.2012 № 5С-10-5 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      2. Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг устанавливается в размере 10 % к совокупному доходу семьи.
      Сноска. Пункт 2 в редакции решения Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 27.11.2012 № 5С-10-5 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      3. Оплата содержания жилища и потребления коммунальных услуг сверх установленной нормы площади производится на общих основаниях. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается восемнадцать квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается тридцать квадратных метров.
      4. Компенсационные нормы на потребление твердого топлива с местным отоплением установить пять тонн на отопительный сезон, на семью в квартал обращения. Стоимость угля принимать усредненную, сложившуюся за предыдущий квартал согласно статистическим данным.
      5. Компенсационные нормы при баллоном газоснабжении 0,5 баллона газа на каждого члена семьи в месяц.
      6. Установить норму расхода электрической энергии 50 (пятьдесят) киловатт на одного человека в месяц.
      7. Уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Астраханского района».

2. Назначение и выплата жилищной помощи

      8. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, независимо от даты подачи заявления, при этом доходы семьи и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал.
      9. При изменении суммы на оплату содержания жилья и коммунальных услуг, изменении доходов семьи, государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Астраханского района» производит перерасчет ранее начисленной жилищной помощи.
      10. Жилищная помощь назначается на основании заявления собственника или нанимателя (поднанимателя) жилья и прилагаемых к нему следующих документов: 1) копии документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копии правоустанавливающего документа на жилище;
      3) документа подтверждающего регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских и/или аульных акимов);
      4) документов, подтверждающих доходы семьи;
      5) сведения о роде деятельности членов семьи (копия справки об инвалидности, справка с места учебы, трудовой договор);
      6) счет на потребление коммунальных услуг (водоснабжение, газоснабжение, канализация, теплоснабжение, мусороудаление, электроснабжение) за предыдущий квартал
      7) квитанция-счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными решением Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 27.11.2012 № 5С-10-5 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      11. Семьи (граждане) имеющие право на компенсацию затрат на содержание жилого дома (жилого здания), кроме документов, предусмотренных пунктом 10, предоставляют:
      1) счет о размере целевого взноса на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;
      2) счет о размере ежемесячных взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, предъявляемый органом управления объекта кондоминиума, на основании сметы расходов на проведение отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума, согласованной с местным исполнительным органом (жилищной инспекцией) утвержденной на общем собрании собственников и нанимателей (поднанимателей) квартир и заверенный печатью, подписью руководителя органа управления объекта кондоминиума.
      12. Семьи (граждане), имеющие право на получение компенсации расходов на оплату услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, кроме документов, предусмотренных пунктом 10, предоставляют:
      квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копию договора на оказание услуг связи.
      13. Семьи (граждане), имеющие право на получение компенсации расходов на оплату арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, кроме документов, предусмотренных пунктом 10, предоставляют:
      счета о размере арендной платы за пользование жилищем, предъявленные местным исполнительным органом.
      14. Копии документов предоставляются с подлинниками для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в этот же день.
      15. При повторном обращении документы, указанные в подпунктах 1, 2, 3, 4 пункта 10 предоставляются при возникновении изменений.
      16. Жилищная помощь ежеквартально назначается малообеспеченным семьям (гражданам), за исключением семей (граждан), имеющих в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающих жилые помещения в наем (поднаем), а также семей, трудоспособные члены, которых не работают, не учатся по дневной форме обучения, не служат в армии и не зарегистрированы в государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Астраханского района» в качестве безработных (кроме граждан, осуществляющих уход за лицами, нуждающимися в уходе).
      17. Государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Астраханского района» выносится решение об отказе в назначении жилищной помощи в случаях если:
      1) оплата на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем не превышает предельно допустимый уровень расходов семьи на эти цели 10 %;
      2) собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилья предоставлены недостоверные сведения.
      18. Государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Астраханского района» в течение десяти календарных дней со дня принятия документов от заявителя рассматривает и выносит решение о назначении жилищной помощи или об отказе в назначении.
      19. Уведомление о назначении или об отказе в назначении осуществляется посредством личного посещения при обращении в государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Астраханского района», либо посредством почтового сообщения.
      20. В случае возникновения сомнения в достоверности информации государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Астраханского района» обращается в органы, уполномоченные производить проверки. При представлении в государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Астраханского района» заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной жилищной помощи, собственник (наниматель) возвращает незаконно полученную сумму в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.
      21. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Астраханского района» через Астраханский районный узел почтовой связи Акмолинского областного филиала акционерного общества «Казпочта» путем зачисления на личные счета заявителей.

3. Исчисление совокупного дохода семьи
(гражданина), претендующей на получение жилищной помощи

      22. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи исчисляется государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Астраханского района» за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 «Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде».