Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2012.05.18 № А-05/210 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» № 316 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» № 815 қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұланды ауданында 2012 жылда әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
2. Бұланды ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін.
1 қосымшаға сәйкес, республикалық бюджеттен;
2 қосымшаға сәйкес, жергілікті бюджеттен;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов
«КЕЛІСІЛДІ»
"Жалайыр Бұланды"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры Жакупов М.К.
«Қасым» шаруа
қожалығының басшысы Байжанов М.Е.
«NOVA-KSI» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
бас директоры Новиков В.Н.
1 қосымша
Бұланды ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ а-01/59 қаулысымен
бекітілген
Жұмыс берушінің, әлеуметтік жұмыс орнының саны,
айлық жалақы көлемі, жұмыстың ай бойынша ұзақтығы,
мемлекеттік бюджеттен төленетін айлық көлемінің
тізімі
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Кәсіпкер (лауазымдар) |
Әлеуметтік |
Айлық жалақы көлемі, |
Жұмыстың ай бойынша ұзақтығы |
Мемлекет |
2 |
«Жалайыр- |
Қосылқы шаруа жұмысшысы |
5 |
52000 |
6 ай 3 ай 3 ай |
26 000 15 600 7 800 |
Шебер |
1 |
52000 |
6 ай 3 ай 3 ай |
26 000 15 600 7 800 |
||
Құрылысшы |
1 |
52000 |
6 ай 3 ай 3 ай |
26 000 15 600 7 800 |
||
Жүргізуші |
1 |
52000 |
6 ай 3 ай 3 ай |
26 000 15 600 7 800 |
||
3 |
«Қасым» шаруа қожалығы |
Қосылқы шаруа жұмысшысы |
5 |
52000 |
6 ай 3 ай 3 ай |
26 000 15 600 7 800 |
Барлығы: |
13 |
2 қосымша
Бұланды ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ а-01/59 қаулысымен
бекітілген
Жұмыс беруші бойынша кәсіпкер (лауазымдар), әлеуметтік
жұмыс орнының саны, айлық жалақы көлемі, жұмыстың
ай бойынша ұзақтығы, мемлекеттік бюджеттен төленетін
айлық көлемінің тізімі
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Кәсіпкер (лауазымдар) |
Әлеуметтік ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны |
Айлық жалақы көлемі, теңге |
Жұмыс |
Мемлекеттік бюджеттен төленетін айлық жалақы көлемі теңге/адам |
1 |
«NOVA KSI» жауапкершілі |
Қосылқы шаруа жұмысшысы |
15 |
17439 |
4 |
8719 |
Күзетші |
4 |
17439 |
4 |
8719 |
||
Барлығы: |
19 |