Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/2-18 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Кодексiнiң 422 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн айына салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне бiрыңғай тiркелген ставкалары қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
Ерейментау аудандық мәслихатының "Қызметiн Ерейментау ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық ставкаларын белгiлеу туралы" 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 4С-13/4-09 (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 1-9-113 болып тiркелген, 2009 жылғы 18 наурыздағы аудандық "Ереймен" газетiнде, 2009 жылғы 18 наурыздағы аудандық "Ерейментау" газетiнде жарияланған) шешімі;
Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 4С-13/4-09 "Қызметiн Ерейментау ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық ставкаларын белгiлеу туралы" шешiмiне толықтыру енгiзу туралы" 2010 жылғы 21 шiлдедегi № 4C-26/4-10 (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 1-9-157 болып тiркелген, 2010 жылғы 28 тамыздағы аудандық "Ереймен" газетiнде, 2010 жылғы 28 тамыздағы аудандық "Ерейментау" газетiнде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Н.Мандаев |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданының әкімі | А.Қалжанов |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Ақмола облысы бойынша Салық департаментінің Ерейментау ауданы бойынша Салық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Т.Ахметуллин |
Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы "10" желтоқсандағы № 5С-9/4-12 шешiмiне қосымша |
Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын
барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген
салық ставкалары (айына салық салу объектісінің бiрлiгiне)
№ | Салық салу объектiсiнiң атауы | Тiркелген салықтың бiрыңғай ставкалары (айлық есептiк көрсеткiш) |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. | Карт | 2 |
5. | Бильярд үстелi | 3 |
6. | Ойын жолы | 5 |