Ерейментау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 4С-13/4-09 "Қызметін Ерейментау ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы.

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 шілдедегі № 4C-26/4-10 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 тамыздағы № 1-9-157. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 5С-9/4-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 10.12.2012 № 5С-9/4-12 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ерейментау аудандық мәслихатының «Қызметін Ерейментау ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 4С-13/4-09 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің Тізімінде № 1-9-113 тіркелген, 2009 жылғы 18 наурыздағы аудандық «Ереймен» газетінде, 2009 жылғы 18 наурыздағы аудандық «Ерейментау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      Жоғарыда көрсетілген шешімінің қосымшасы келесі мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      «Бильярд үстелі-3»
      Жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық дамуының, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері бойынша Ерейментау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы                            Б.Исатаева

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ерейментау ауданының
      әкімі (ЕАӘ)                                Н.Ә.Ережепов

      «Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министірлігі Салық
      Комитеті Ақмола облысы
      Салық Департаметінің
      Ерейментау ауданы бойынша
      Салық басқармасы»
      ММ бастығы (ЕАбСБ)                         Ж.Ә.Уәлиев

      «Ерейментау ауданының
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      ММ бастығы (ЕАЭжБЖБ)                       Қ.Ж.Құдабаев

Ерейментау аудандық мәслихаттың 
2010 жылғы 21 шілдедегі № 4С-26/4-10
шешіміне Қосымша        

Қызметін Ерейментау ауданының аумағында
жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін
бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

2

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады