Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.11.27 № 12/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, тұрғын үй көмегін алу Ережесіне сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 45/7 «Қамтылуы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйін ұстауын төлеуге, коммуналдық қызмет және байланыс қызметін тұтынуына көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-146 тіркелген, 2012 жылғы 20 қаңтарда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Есіл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы»;
шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Қоса беріліп отырған Есіл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін берудің Ережесі бекітілсін.»;
Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Есіл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін берудің Ережесі»;
Есіл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін берудің Ережесіндегі:
3 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Бір айға адам басына нақты тұтыну мөлшерінде, бірақ 75 киловаттан аспайтын электр энергиясының шығыны белгіленсін.»;
3 тармақтың бесінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Статистикалық деректер бойынша алдыңғы тоқсанда қалыптасқан, орташаланған көмірдің құны қабылдансын.»;
5 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Тұрғын үй көмегін тағайындау құжаттарды берген айдан бастап толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, сонымен қатар коммуналдық қызмет көрсетуге өткен тоқсандағы от басының кірісі мен шығысы еске алынады.»;
6 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«3) тұрақты мекенжайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекенжайының анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);»;
8 тарау алынып тасталсын;
9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Тұрғын үй көмегі жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар отбасыларын (азаматтарды) немесе тұрғын үйін жалдауға (қосымша жалдауға) беретін, сондай-ақ еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тіркелмеген (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) мүшелері бар отбасыларын қоспағандағы отбасыларына (азаматтарға) тоқсан сайын тағайындалады.»;
10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi мына жағдайларда тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады:
1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгілеген 11 % шығыстарының шекті мүмкін деңгейінен аспайтын болса;
2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) жалған мәліметтер берсе.»;
11 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.»;
12 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтініш жасағап өзі келгенде немесе пошталық хабарламаның көмегімен жүзеге асырылады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына күдік туындаған жағдайда, «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға өтініш жасайды. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегінің тағайындалуына ұрындыратын әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.»;
13 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облысы филиалының Есіл аудандық пошта байланыс торабы арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.»;
14 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«14. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай–ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығын негізге ала отырып, тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан есептейді.»;
15, 16, 17 – тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Г.Кәрімова
Аудандық мәслихат
хатшысы С.Құдабаев
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов