Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 18.03.2014 № 30/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 17/10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 17/10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Күші жойылды деп танылсын:
Есіл аудандық мәслихатының «Қамтылуы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйін ұстауын төлеуге, коммуналдық қызмет және байланыс қызметін тұтынуына көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 45/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-146 тіркелген, 2012 жылғы 27 қаңтарда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешімі;
Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 45/7 «Қамтылуы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйін ұстауын төлеуге, коммуналдық қызмет және байланыс қызметін тұтынуына көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 6/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-155 тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы В.Казимиров
Аудандық мәслихат хатшысы С.Құдабаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов
Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 27 қарашадағы
№ 12/5 шешімімен
бекітілген
Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 17/10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) осы тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленген және Есіл ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшерін және тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 17/10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы қағидалар
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) келесі төлемдер бойынша шығындарды өтеу үшін көрсетіледі:
жекешелендірілген тұрғын үй - жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстау шығыстарға;
тұрғын үйдің иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалдаушы) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонның абоненттік төлемінің көбеюіне байланысты байланыс қызметтерін тұтынуға;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына;
жеке тұрғын үйде, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде) тұратындарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1–ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 17/10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй – жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй - жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден кем емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Коммуналдық қызметтерді тұтыну және тұрғын үйді ұстау ақысының жол берілетін шекті шығыстарының үлесі отбасының жиынтық табысына 11 % көлемінде белгіленеді.
Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу ақысының белгіленген мөлшерінің нормасынан артығы жалпы негізде жүргізіледі.
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасына бір адамға 18 шаршы метр қабылданады. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасына жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метр қабылданады.
Электр энергиясы шығынының нормасы нақты тұтыну мөлшерінде белгіленсін, бірақ айына бір адамға 75 киловаттан көп емес.
Пәтерде қолданбалы газды плитасы бар жағылған газ шығынының мөлшері бір адамнан тұратын отбасында – газ шығыны 8 килограмға тең, екі және үш адамнан тұратын отбасында – 10 килограмм, төрт және одан көп адамнан тұратын отбасында – айына 8 килограмнан екі газ баллон.
Жеке салынған пешпен жылытылатын үйлерде тұратын отбасыларына тұрғын үй көмегінің есебіне көмірдің нормасын тұрғын үй әлеуметтік нормасына сәйкес баспананың 1 шаршы метріне 49,75 килограмм, бірақ жылына отбасына 5 тоннадан асырмай есептеледі.
Статистикалық деректерге сәйкес, өткен тоқсанда қалыптасқан көмірдің орташа құны қабылданады.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді жүргізетін уәкілетті органы болып «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленді.
2.Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
5. Тұрғын үй көмегі құжаттарды берген айдан бастап, ағымдағы толық тоқсанға тағайындалады, бұл жерде коммуналдық қызметке отбасының өткен тоқсандағы табысы есепке алынады.
Отбасының табысы өзгергенде, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер ақысының сомасы өзгерген кезде «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұрында тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептеуді жүргізеді.
6. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің меншік иесінің немесе жалға алушының (қосымша жалдаушының) өтініші негізінде, мына құжаттарды қоса тапсырғанда тағайындалады:
1) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқығы барын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) тұрақты мекенжайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының аңықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің аңықтамасы);
4) отбасының табыстарын растайтын құжаттары;
5) кондоминиум нысанының жалпы мүлкінің күрделі жөндеуіне нысаналы жарнасының мөлшері туралы шоты;
6) кондоминиум жалпы объектісінің күрделі жөндеудің жеке түрлерін жүргізуге жергілікті атқару органдарымен (тұрғын үй инспекциясы) келісілген, меншік иелері мен пәтерлерді жалға алушылардың (қосымша жалдаушының) жалпы жиналысында бекітілген және кондоминиум объектісін басқару органының мөрі басылып, басшысының қолы қойылған шығындар сметасы негізінде, кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум жалпы объектісінің күрделі жөндеуіне қаражат жинауға ай сайынғы жарна көлемі туралы шоты;
7) коммуналдық қызмет тұтыну шоты;
8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған келісім шарттың көшірмесі;
9) тұрғын үйді қолданған үшін жергілікті атқарушы органы ұсынатын жалгерлік төлемақының көлемі туралы шоты;
10) жеке тұрғын үйде, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге түбіртек–шот.
7. Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткізгеннен соң түпнұсқалар қайтарылады.
8. Тұрғын үй көмегі жеке меншігінде бір бірлік тұрғын үйі бар немесе тұрғын жайларды жалға беретін (қосымша жалға беретін), сонымен қатар еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істемейтін, күндізгі оқыту нысаны бойынша оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз (МӘСК) медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес күтімге мұқтаж тұлғаларға күтім көрсететін азаматтардан басқа) ретінде тіркелмеген отбасыларды (азаматтардан) алып тастағандағы отбасыларға (азаматтарға) тоқсан сайын тағайындалады.
9. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мына жағдайларда тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартуға шешім шығарады, егер тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстау ақысы, телекоммуникация желісіне қосылған, телефонға абоненттік ақының өсу бөлігіндегі байланыс қызметі және коммуналдық қызметті тұтыну, тұрғын үйді тұтынудың жалдау ақысы отбасының осы мақсаттарға жол берілетін шекті шығыстар деңгейінен 11 % асса.
10. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өтініш иесінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап, күнтізбелік он күннің ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
11. Тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну кезінде жеке келу, немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
Ақпараттың растығына күмән туындаған жағдайда, «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі уәкілетті органдарға тексеріс жүргізуге өтініш жасайды. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аса көтерілген немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға алып келген, көрінеу дәйексіз мәліметтерді ұсыну кезінде меншік иесі (қосымша жалдаушы) заңсыз алынған соманы ерікті тәртіпте, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібінде қайтарады.
12. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы, өтініш берушінің дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.
Ескерту. 12 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 17/10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу
13. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы негізінде есептейді.