Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынысын назарға ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері, қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Жапаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі И.Қабдуғалиев
Жақсы аудан әкімдігінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ А-4/171 қаулысына
қосымша
2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу
мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне
қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері
№ |
Ауыл шаруашылығы |
Егіс |
Құжаттар |
1 |
Кеш мерзімді пісетін |
12 мамырдан бастап |
27 мамырға дейін |
2 |
Орта мерзімді пісетін |
14 мамырдан |
1 маусымға дейін |
3 |
Ерте мерзімді пісетін |
18 мамырдан |
4 маусымға дейін |
4 |
Жазғы арпа мен сұлы |
27 мамырдан |
4 маусымға дейін |
5 |
Асбұршақ |
18 мамырдан бастап |
30 мамырға дейін |
6 |
Ноқат |
7 мамырдан бастап |
17 мамырға дейін |
7 |
Майлы зығыр |
19 мамырдан бастап |
28 мамырға дейін |
8 |
Күнбағыс май тұқымға |
7 мамырдан бастап |
18 мамырға дейін |
9 |
Судан шөбі |
18 мамырдан бастап |
25 мамырға дейін |
10 |
Жүгері |
17 мамырдан бастап |
25 мамырға дейін |