2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № А-4/171 қаулысы. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 мамырда 1-13-155 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 04-596 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынысын назарға ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері, қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Жапаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                И.Қабдуғалиев

Жақсы аудан әкімдігінің
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ А-4/171 қаулысына
қосымша      

2012 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу
мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне
қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері

Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Егіс
мерзімі

Құжаттар
қабылдау
мерзімдері

1

Кеш мерзімді пісетін
жазғы бидай

12 мамырдан бастап
27 мамырға дейін

27 мамырға дейін

2

Орта мерзімді пісетін
жазғы бидай

14 мамырдан
1 маусымға дейін

1 маусымға дейін

3

Ерте мерзімді пісетін
жазғы бидай

18 мамырдан
4 маусымға дейін

4 маусымға дейін

4

Жазғы арпа мен сұлы

27 мамырдан
5 маусымға дейін

4 маусымға дейін

5

Асбұршақ

18 мамырдан бастап
30 мамырға дейін

30 мамырға дейін

6

Ноқат

7 мамырдан бастап
17 мамырға дейін

17 мамырға дейін

7

Майлы зығыр

19 мамырдан бастап
28 мамырға дейін

28 мамырға дейін

8

Күнбағыс май тұқымға

7 мамырдан бастап
18 мамырға дейін

18 мамырға дейін

9

Судан шөбі

18 мамырдан бастап
25 мамырға дейін

25 мамырға дейін

10

Жүгері

17 мамырдан бастап
25 мамырға дейін

25 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады