Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету туралы ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-4-3 шешімі. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 22 мамырда № 1-13-156 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 5С-14-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 5С-14-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Беріліп отырған Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
      2. Жақсы аудандық мәслихаттың «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 18 қазандағы № ВС-28-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-13-120 тіркелген, 2010 жылдың 24 желтоқсанында «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы                            В.Гертнер

      Жақсы аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Жанәділов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Жақсы ауданының әкімі                      И.Қабдуғалиев

Жақсы аудандық мәслихатының
2012 жылғы 24 сәуірдегі 
№ 5С-4-3 шешімімен   
БЕКІТІЛДІ       

Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді және Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ереже

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жақсы ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларды (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимараттарды) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 11 % мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Жақсы ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу

      6. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), жеке меншігінде бір бірліктен артық үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын жайды жалға берген (қосымша жалға) отбасылар (азаматтар), сонымен қатар отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқу орнының күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген (күтімге мұқтаж тұлғаларға күтім көрсететіндер басқа) мүшелері бар отбасылардан басқаларға тағайындалады.
      7. Коммуналдық тұрғын үйде тұратындар үшін жылытуға шығын жоспарлы есептеу бойынша алынады, әрі нақты төлеген төлем бойынша қайта есептеледі.
      8. Үйде жылытылатын жеке үйде тұратындарға тұрғын үй көмегі жылына бір рет көрсетіледі, сонда отын нормасы біржолғы деп алынады. Отын шығыны айына 1 квадраттық метрге 49,75 килограмм көлемінде есептеледі, алайда отбасыға жылына бес тонна көмірден артық емес.
      Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін алдағы тоқсанға тағайындау өткен тоқсандағы Жақсы аудандық статистика бөлімінің ұсынған аудан бойынша орта бағасы пайдаланылады.
      9. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты есептелген төлеу сомасынан артық болуы мүмкін емес.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу тарифі өзгергенде, отбасының кірісі өзгергенде тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
      10. Тұрғын үй көмегін тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) өтініші және оған тіркелген құжаттардың негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
      3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекен-жай) туралы анықтама немесе ауыл (ауылдық округ) әкімінің анықтамасы;
      4) отбасы табысын растайтын құжаттар;
      5) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      11. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттармен қоса қосымша келесілерді ұсынады:
      1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
      2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
      12. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері шығынының өтемақысына құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 10 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
      1) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесін тапсырады.
      13. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы шығынына өтемақыға құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 10 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
      1) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шотты тапсырады.
      13-1. Бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына шығынға өтемақыны алуға құқылы отбасылар (азаматтар), осы Ереженің 10 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот ұсынады.
      Ескерту. Ереже 13-1 тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
      15. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады.
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса шығарады.
      18. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      19. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облысы филиалының Жақсы аудандық пошта байланыс торабы арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының
(азаматтың) жиынтық кірісін есептеу

      20. «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептеледі.

Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жаксынском районе

Решение Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 24 апреля 2012 года № 5С-4-3. Зарегистрировано Управлением юстиции Жаксынского района Акмолинской области 22 мая 2012 года № 1-13-156. Утратило силу решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 29 марта 2013 года № 5С-14-3

      Сноска. Утратило силу решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 29.03.2013 № 5С-14-3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», Жаксынский районный маслихат РЕШИЛ:
      1.Утвердить прилагаемые Правила предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жаксынском районе.
      2. Признать утратившим силу решение Жаксынского районного маслихата «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи проживающим в Жаксынском районе» от 18 октября 2010 года № ВС-28-3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-13-120, опубликовано 24 декабря 2010 года в районной газете «Жаксынский вестник»).
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      Жаксынского районного
      маслихата                                  В.Гертнер

      Секретарь Жаксынского
      районного маслихата                        Б.Джанадилов

      СОГЛАСОВАНО

      Аким Жаксынского района                    И.Кабдугалиев

УТВЕРЖДЕН     
решением Жаксынского
районного маслихата
от 24 апреля 2012 года
№ 5С-4-3     

ПРАВИЛА
предоставления жилищной помощи
малообеспеченным семьям (гражданам),
проживающим в Жаксынском районе

      Настоящие Правила предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жаксынском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях», постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 «О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам», постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи» и определяют размер и порядок назначения жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жаксынском районе.

1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств районного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Жаксынском районе на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам) проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющихся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      4) стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам) проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющихся нанимателями (поднанимателями жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      Доля предельно допустимых расходов на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг устанавливается в размере 11 % к совокупному доходу семьи.
      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 20.12.2012 № 5С-12-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      2. исключен - решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 20.12.2012 № 5С-12-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в Жаксынском районе.
      Сноска. Пункт 3 в редакции решения Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 20.12.2012 № 5С-12-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      4. Оплата содержания жилища и потребления коммунальных услуг сверх установленной нормы площади производится на общих основаниях. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается восемнадцать квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается тридцать квадратных метров.
      5. Уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района».

2. Назначение и выплата жилищной помощи

      6. Жилищная помощь назначается малообеспеченным семьям (гражданам), за исключением семей (граждан), имеющих в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающих жилые помещения в наем (поднаем), а также семей, трудоспособные члены которых не работают, не учатся по дневной форме обучения, не служат в армии и не зарегистрированы в отделе занятости в качестве безработных (кроме осуществляющих уход за лицами, нуждающимися в уходе).
      7. Расходы на отопление для проживающих в коммунальном жилище берутся в плановом начислении с последующим перерасчетом по фактической оплате.
      8. Жилищная помощь проживающим в индивидуальном доме с печным отоплением предоставляется 1 раз в год, при этом норма топлива берется единовременно. Расход топлива на 1 квадратный метр учитывается в размере 49,75 килограммов в месяц, но не более пяти тонн угля на семью в год.
      Для расчета стоимости угля использовать средние цены по району, предоставляемые Жаксынским районным отделом статистики по состоянию за квартал, предшествующий кварталу назначения жилищной помощи.
      9. Назначение жилищной помощи производится на текущий квартал с месяца обращения.
      Размер жилищной помощи не может превышать сумму фактически начисленной платы за содержание жилища и потребления коммунальных услуг.
      При изменении тарифов на оплату содержания жилья и коммунальных услуг, изменении доходов семьи, уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи производит перерасчет ранее начисленной жилищной помощи.
      10. Жилищная помощь назначается на основании заявления собственника или нанимателя (поднанимателя) жилья и прилагаемых к нему документов:
      1) копии документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копии правоустанавливающего документа на жилище;
      3) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка акима села (сельского округа);
      4) документы, подтверждающие семьи;
      5) счета на потребление коммунальных услуг.
      11. Семьи (граждане), имеющие право на компенсацию затрат на содержание жилого дома (жилого здания), кроме документов, предусмотренных пунктом 10, предоставляют:
      1) счета о размере целевого взноса на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;
      2) счет о размере ежемесячных взносов на накопление средств на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, предъявляемые органом управления объекта кондоминиума, на основании сметы расходов на проведение отдельных видов капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума, согласованной с местным исполнительным органом (жилищной инспекцией) утвержденной на общем собрании собственников и нанимателей (поднанимателей) квартир и заверенный печатью, подписью руководителя органа управления объекта кондоминиума.
      12. Семьи (граждане), имеющие право на получение компенсации расходов на оплату услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, кроме документов, предусмотренных пунктом 10 настоящих Правил, предоставляют:
      1) квитанции – счета за услуги телекоммуникаций или копию договора на оказание услуг связи.
      13. Семьи (граждане), имеющие право на получение компенсации расходов на оплату арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, кроме документов, предусмотренных пунктом 10 настоящих Правил, предоставляют:
      1) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, предъявленные местным исполнительным органом.
      13-1. Семьи (граждане), имеющие право на получение компенсации расходов на стоимость однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, кроме документов, предусмотренных пунктом 10 настоящих Правил, предоставляют:
      1) квитанцию – счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 13-1 в соответствии с решением Жаксынского районного маслихата Акмолинской области от 20.12.2012 № 5С-12-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      14. Копии документов предоставляются с подлинниками для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в этот же день.
      15. Государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района» в течение десяти календарных дней со дня принятия документов от заявителя рассматривает и выносит решение о назначении жилищной помощи или об отказе в назначении.
      16. Уведомление о назначении или об отказе в назначении осуществляется посредством личного посещения при обращении в государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района», либо посредством почтового сообщения.
      17. Государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района» выносится решение об отказе в назначении жилищной помощи в случае, если оплата на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем не превышает предельно допустимый уровень расходов семьи на эти цели.
      18. В случае возникновения сомнения в достоверности информации государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района» обращается в органы, уполномоченные производить проверки. При представлении в государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района» заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной жилищной помощи, собственник (наниматель) возвращает незаконно полученную сумму в добровольном порядке, а в случае отказа - в судебном порядке.
      19. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района» через Жаксынский районный узел почтовой связи Акмолинского областного филиала акционерного общества «Казпочта» путем зачисления на личные счета заявителей.

3. Исчисление совокупного дохода семьи
(гражданина), претендующего на получение жилищной помощи

      20. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи исчисляется государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Жаксынского района» за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 «Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде».