Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 5С-14-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Беріліп отырған Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
2. Жақсы аудандық мәслихаттың «Жақсы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 18 қазандағы № ВС-28-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-13-120 тіркелген, 2010 жылдың 24 желтоқсанында «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының
сессия төрағасы В.Гертнер
Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы Б.Жанәділов
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі И.Қабдуғалиев
Жақсы аудандық мәслихатының
2012 жылғы 24 сәуірдегі
№ 5С-4-3 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ
Осы Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді және Жақсы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жақсы ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) жекешелендірілген үй-жайларды (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимараттарды) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 11 % мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. алынып тасталды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Жақсы ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу
6. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), жеке меншігінде бір бірліктен артық үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын жайды жалға берген (қосымша жалға) отбасылар (азаматтар), сонымен қатар отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқу орнының күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген (күтімге мұқтаж тұлғаларға күтім көрсететіндер басқа) мүшелері бар отбасылардан басқаларға тағайындалады.
7. Коммуналдық тұрғын үйде тұратындар үшін жылытуға шығын жоспарлы есептеу бойынша алынады, әрі нақты төлеген төлем бойынша қайта есептеледі.
8. Үйде жылытылатын жеке үйде тұратындарға тұрғын үй көмегі жылына бір рет көрсетіледі, сонда отын нормасы біржолғы деп алынады. Отын шығыны айына 1 квадраттық метрге 49,75 килограмм көлемінде есептеледі, алайда отбасыға жылына бес тонна көмірден артық емес.
Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін алдағы тоқсанға тағайындау өткен тоқсандағы Жақсы аудандық статистика бөлімінің ұсынған аудан бойынша орта бағасы пайдаланылады.
9. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты есептелген төлеу сомасынан артық болуы мүмкін емес.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу тарифі өзгергенде, отбасының кірісі өзгергенде тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
10. Тұрғын үй көмегін тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) өтініші және оған тіркелген құжаттардың негізінде тағайындалады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекен-жай) туралы анықтама немесе ауыл (ауылдық округ) әкімінің анықтамасы;
4) отбасы табысын растайтын құжаттар;
5) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
11. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттармен қоса қосымша келесілерді ұсынады:
1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
12. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері шығынының өтемақысына құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 10 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
1) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесін тапсырады.
13. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы шығынына өтемақыға құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженің 10 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
1) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шотты тапсырады.
13-1. Бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына шығынға өтемақыны алуға құқылы отбасылар (азаматтар), осы Ереженің 10 тармағында қарастырылған құжаттардан басқа:
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот ұсынады.
Ескерту. Ереже 13-1 тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
15. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады.
17. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса шығарады.
18. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
19. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облысы филиалының Жақсы аудандық пошта байланыс торабы арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының
(азаматтың) жиынтық кірісін есептеу
20. «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептеледі.