Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 20.02.2013 № 5ВС-13-2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 869 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының «2012 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2012 жылғы 27 наурыздағы № 5С-2-7 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тірекеудің Тізілімінде № 1-13-151 тіркелген, 2012 жылдың 20 сәуірінде «Жақсы жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2012 жылға арналған ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ауданның ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға арналған келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде;
тұрғын үй сатып алу үшін, бір мың бес жүз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының
сессия төрағасы М.Нұржанов
Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы Б.Жанәділов
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі И.Қабдуғалиев