Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 20.02.2013 № 5ВС-13-2 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 5С-7-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтың дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңның 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жақсы ауданы әкімінің 2012 жылғы 20 наурызында № 01-226 хатын қарастырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға арналған келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде;
тұрғын үй сатып алу үшін, бір мың бес жүз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 5С-7-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының
сессия төрайымы Г.Әбілдаева
Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы Б.Жанәділов
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі И.Қабдуғалиев