Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 20.08.2014 № 507 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зеренді ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын әрбір мүгедек балаға 6 (алты) айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде тоқсан сайын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Сағдиев