Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 54 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 ақпанда № 1-14-173 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 507 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 20.08.2014 № 507 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын әрбір мүгедек балаға 6 (алты) айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде тоқсан сайын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады