РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережелерінің 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Сандықтау аудандық мәслихатының «Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 30\2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-141 тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2012 жылдың 20 қаңтарында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада республикалық бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алу үшін немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы А.Амрина
Сандықтау аудандық
мәслихатының хатшысы С.Клюшников
«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков
«Сандықтау ауданының
экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Мурашиди