Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 желтоқсандағы № 82/11-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 қаңтарда № 3615 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 114/15-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 29.04.2013 № 114/15-5 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Cтандартының 11 тармағына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Жеңіс күні мемлекеттік мерекесіне орай:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер және кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға және мүгедектеріне – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер және кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына - екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Қарттар адамдар күніне орай:
      ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге – 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Мүгедектер күніне:
      мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Жоғарыда көрсетілген күндерге әлеуметтік көмек «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық қазынашылық кәсіпорынның Целиноград аудандық бөлімі ұсынған тиісті айдың бірінші жұлдызы жағдайындағы жекелеген санаттағы азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы көрсетілген тізімі негізінде алушылардан өтініштер талап етілмей ұсынылады.
      Бір уақытта жоғарыда көрсетілген екі күн бойынша әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтарға әлеуметтік көмек артығырақ жоғарғы төлем мөлшері қарастырылған негіздердің бірі бойынша төленеді.
      2) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемге - ай сайын, коммуналдық қызмет құны мөлшерінде;
      3) жасы кәмелетке толмаған бұрынғы концлагердің тұтқындарына коммуналдық қызметтер үшін төлемге - ай сайын, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауыратындарға – бір жолғы, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын - бір жылда бір рет, оқу төлемақысының мөлшерінде;
      6) өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге - бір жолғы, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
      1) 2)3)4)5)6) тармақшаларда көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      шот нөмірі көрсетілген алушының банктік есеп-шотын растайтын құжаттың көшірмесі;
      тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе ауылдық (селолық) әкімдердің анықтамасы);
      2) қосымша:
      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін өтемақыға:
      коммуналдық қызметтер құнын есепке алу түбіртек-шотының көшірмесі;
      туберкулезбен ауыратындарға:
      медициналық мекеменің анықтамасы;
      онкологиялық аурумен ауыратындарға:
      ауру тарихынан үзінді-көшірме;
      ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын:
      оқу орнын растайтын анықтамасы, оқу келісім шартының көшірмесі, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Целиноград аудандық бөлімшесімен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы және «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
      өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге:
      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Целиноград ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актісі.
      Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі, өтініш берілген күні түпнұсқалары қайтарылып беріледі.
      3. «Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 3 мамырдағы № 36/5-5 Целиноград аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-176 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 маусымда «Призыв», «Ұран» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
      маслихаты сессиясының
      төрағасы                                   А.Бутакова

      Целиноград аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р.Түлкібаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Целиноград ауданының әкімі                 А.Үйсімбаев

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в Целиноградском районе

Решение Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 14 декабря 2012 года № 82/11-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 16 января 2013 года № 3615. Утратило силу решением Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 29 апреля 2013 года № 114/15-5

      Сноска. Утратило силу решением Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 29.04.2013 № 114/15-5.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 11 Стандарта государственной услуги «Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемой местными исполнительными органами», Целиноградский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан в Целиноградском районе:
      1) к государственному празднику Дню Победы:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны – в размере десяти месячных расчетных показателей;
      лицам, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны - в размере трех месячных расчетных показателей;
      другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны – в размере двух месячных расчетных показателей;
      ко Дню пожилых людей:
      пенсионерам с минимальной пенсией – в размере 1,5 месячных расчетных показателей;
      ко Дню инвалидов:
      инвалидам, детям-инвалидам до 18 лет – в размере 1,5 месячных расчетных показателей.
      Социальная помощь к вышеуказанным датам предоставляется без истребования заявлений от получателей, на основании списков с указанием фамилии, имени, отчества, года рождения отдельных категорий граждан, предоставляемых Целиноградским районным отделением Республиканского казенного предприятия «Государственный Центр по выплате пенсий» по состоянию на первое число соответствующего месяца.
      Гражданам, имеющим право на получение социальной помощи одновременно по двум вышеуказанным датам, социальная помощь выплачивается по одному из оснований, предусматривающему более высокий размер выплат.
      2) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на компенсацию за коммунальные услуги – ежемесячно, в размере стоимости коммунальных услуг;
      3) бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей на компенсацию за коммунальные услуги – ежемесячно, в размере 1 месячного расчетного показателя;
      4) больным туберкулезом и онкологическими заболеваниями - единовременно, в размере пятнадцати месячных расчетных показателей;
      5) студентам из малообеспеченных и многодетных семей, проживающих в аульной (сельской) местности, на оплату дневной формы обучения в колледжах – один раз в год, в размере стоимости обучения;
      6) пострадавшим при пожаре и других чрезвычайных обстоятельствах - единовременно, в размере пятидесяти месячных расчетных показателей.
      2. Для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан необходимо предоставить в государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Целиноградского района» следующие документы:
      1) для категорий лиц, указанных в подпунктах 2)3)4)5)6):
      заявление лица, имеющего право на данную социальную помощь;
      копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копию документа, подтверждающего наличие банковского счета получателя с указанием номера счета;
      документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка аульных (сельских) акимов);
      2) дополнительно:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на компенсацию за коммунальные услуги:
      копию квитанции-счета стоимости коммунальных услуг;
      больным туберкулезом:
      справку медицинского учреждения;
      больным онкологическими заболеваниями:
      выписку из истории болезни;
      студентам из малообеспеченных и многодетных семей, проживающих в аульной (сельской) местности, на оплату дневной формы обучения в колледжах:
      справку, подтверждающую место обучения, копию договора на обучение, справку, подтверждающую статус многодетной семьи Целиноградским районным отделением Республиканского казенного предприятия «Государственный Центр по выплате пенсий», и справку, подтверждающую статус малообеспеченной семьи с государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Целиноградского района»;
      пострадавшим при пожаре и других чрезвычайных обстоятельствах:
      акт государственного учреждения «Отдел по чрезвычайным ситуациям Целиноградского района Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан».
      Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего возвращаются заявителю в день подачи заявления.
      3. Признать утратившим силу решение Целиноградского районного маслихата «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в Целиноградском районе» от 3 мая 2012 года № 36/5-5 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-17-176, опубликовано 8 июня 2012 года в районных газетах «Призыв», «Ұран»).
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      сессии Целиноградского
      районного маслихата                        А.Бутакова

      Секретарь Целиноградского
      районного маслихата                        Р.Тулькубаев

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Целиноградского района                А.Уисимбаев