Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 29.04.2013 № 114/15-5 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Cтандартының 11 тармағына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Жеңіс күні мемлекеттік мерекесіне орай:
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңілдіктер және кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға және мүгедектеріне – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңілдіктер және кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына - екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қарттар адамдар күніне орай:
ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге – 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Мүгедектер күніне:
мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Жоғарыда көрсетілген күндерге әлеуметтік көмек «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық қазынашылық кәсіпорынның Целиноград аудандық бөлімі ұсынған тиісті айдың бірінші жұлдызы жағдайындағы жекелеген санаттағы азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы көрсетілген тізімі негізінде алушылардан өтініштер талап етілмей ұсынылады.
Бір уақытта жоғарыда көрсетілген екі күн бойынша әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтарға әлеуметтік көмек артығырақ жоғарғы төлем мөлшері қарастырылған негіздердің бірі бойынша төленеді.
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемге - ай сайын, коммуналдық қызмет құны мөлшерінде;
3) жасы кәмелетке толмаған бұрынғы концлагердің тұтқындарына коммуналдық қызметтер үшін төлемге - ай сайын, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауыратындарға – бір жолғы, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын - бір жылда бір рет, оқу төлемақысының мөлшерінде;
6) өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге - бір жолғы, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларда көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін:
осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы;
өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
шот нөмірі көрсетілген алушының банктік есеп-шотын растайтын құжаттың көшірмесі;
тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе ауылдық (селолық) әкімдердің анықтамасы);
2) қосымша:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін өтемақыға:
коммуналдық қызметтер құнын есепке алу түбіртек-шотының көшірмесі;
туберкулезбен ауыратындарға:
медициналық мекеменің анықтамасы;
онкологиялық аурумен ауыратындарға:
ауру тарихынан үзінді-көшірме;
ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын:
оқу орнын растайтын анықтамасы, оқу келісім шартының көшірмесі, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Целиноград аудандық бөлімшесімен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы және «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Целиноград ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің актісі.
Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі, өтініш берілген күні түпнұсқалары қайтарылып беріледі.
3. «Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 3 мамырдағы № 36/5-5 Целиноград аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-176 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 маусымда «Призыв», «Ұран» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
маслихаты сессиясының
төрағасы А.Бутакова
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Р.Түлкібаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі А.Үйсімбаев