Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бурабай аудандық мәслихаттың «Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 21 қазандағы № С-38/3 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-212 тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тараудың 3 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемдері, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысының тұтыну нормалары шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
2 тараудағы 10 тармақтың 3 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«3) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының аңықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің аңықтамасы);»;
2 тараудағы 10 тармақтың 5 тармақшасы алып тасталсын;
2 тараудағы 10 тармақтың 6 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот.»;
2 тараудың 11 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«11. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттармен қоса ұсынады:
1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.»;
2 тараудағы 17 тармақтың 1 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгілеген 11 % шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;»;
3 тараудың 22 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«22. Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
IV (кезектен тыс)
сессиясының төрағасы Г.Бичун
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ө.Бейсенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі В.Балахонцев