Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.12.2017 № 247 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесінің 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнің 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу тізбесінде № 3-1-140 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 қыркүйекте № 115 "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімдегі қосымша осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
Қ. Рамазанов | С. Шынтасова |
Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етiлген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындау
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
Осы ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбір мәселелері туралы" № 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.
1. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
1) тұрғын үй көмегi – келесі шығыстар сомасын төлеуге шығындарды ішінара өтеу үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) берілетін көмек:
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынғаны;
жекешелендірілген тұрғын үйлерде (пәтерлерде) тұратын отбасыларға (азаматтарға) немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай (пәтер) жалдаушы (қосымша жалдаушы) болып табылатындарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына.
жекешелендірілген тұрғын үйлерде (пәтерлерде) тұратын, жеке үйлерде тұратындарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге беріледі.
2) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
3) телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтері өсуінің өтемақысы – 2004 жылдың қыркүйегінде қолданыста болған абоненттік төлемақы мен қолданыстағы абоненттік төлемақы арасындағы айырмашылықты белгiлейтiн және телефонға абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң өсуiнің шығындарын өтеуге арналған тұрғын үй көмегiнiң құрамына кiретiн ақшалай өтемақы;
4) өтiнiш иесi (жеке тұлға) – жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн жолыққан адам;
5) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кiрiстердiң жалпы сомасы;
6) уәкілеттi орган – тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі.
2. "Тұрғын үй көмегі Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
Тұрғын үй көмегі егер отбасының коммуналдық қызметтерді (орталық-тандырылған жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, суық сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газға, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару) шығыстары, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы, тұрғын үй алаңының белгіленген нормасының шегінде өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін, бірақ іс жүзінде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінен көп емес шығыстар, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері үшін, тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнының шығыстары осы мақсаттарға шекті үлесінен асқан жағдайда беріледі.
Коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға ақы төлеуге, тәулiк уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр қуатын бiр фазалық есептегiштiң құнына, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық кірісінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үй иесiне, жалдаушыға (жалға берушiге) есептелген сомамен салыстыру бойынша коммуналдық қызметтердi (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық-суық сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшiн газды) тұтынғаны және тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарының және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы шығындарының, байланыс қызметіне телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiне, тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына шығындарының орнын толтыру үшiн, азайту ретiнде қолма-қол емес түрде берiледi. Белгiленген нормадан артық коммуналдық қызметті және байланыс қызметiн тұтынғаны, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысын төлеу жалпы негiзде жүргізіледі.
4. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) жылыту және күтiп-ұстау шығындары, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы жөніндегі әлеуметтік норманы есептеу кезінде барлық меншiк түрiндегi тұрғын жайлардағы тұрғын үй алаңының бiр адамға 18 ш.м. (жалғыз тұратын азаматтар үшiн 30 ш. м.), бiрақ тұрғын жайдың iс жүзiнде алып отырған пайдалы алаңынан көп емес пайдалы алаңның әлеуметтік нормасы қолданылады.
5. Коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.
6. Тұрғын үй көмегiн алушылар өзiнiң тұрғын жайының меншiк түрiнiң, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерiстер, көмектi дұрыс есептемеген жағдайлар туралы уәкiлеттi органға 10 күн iшiнде ақпарат бередi.
7. Тұрғын үй көмегi түрiнде алынған заңсыз сома заңда белгiленген тәртiппен бюджетке қайтарылады.
2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау
8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау оны алу үшiн жолыққан күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейiнгi мерзiмде жүргiзiледi. Жолығу айы деп қоса берiлетiн құжаттармен бiрге өтiнiш тапсырған ай есептелiнедi.
9. Тұрғын үй көмегi отбасы құрамы, iс жүзiнде тұрғын жайдың алып отырған пайдалы ауданының көлемi, отбасының жиынтық кiрiсi, коммуналдық қызметтердi (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық-суық сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшiн газды, электрмен жабдықтау, қоқыс жинау) және телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiне, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына, тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына шығындарына және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы шығындары көрсетiлетiн меншiк иесiнiң, жалдаушының (жалға алушының) өтiнiшi негiзiнде тағайындалады.
10. Азаматтардың табысы жөнiндегi мәлiметтердi тiзiмдер немесе электронды тасығыштардағы ақпараттар түрiндегi тиiстi төлемдердi есептеуді және аударуды жүргізетін қалалық қызметтер, бөлiмдер, ұйымдар тоқсан басында бiр рет растайды.
11. Тұрғын үй көмегiн алуға жолыққан отбасының (азаматтың) жиынтық кiрiсiн есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгiнің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
12. Коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметiне тарифтер, жалдау ақысының мөлшері өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргiзiледi.
13. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн нормалар шегiндегi коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін, телефон үшiн абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiндегі байланыс қызметтерi, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстары, тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясының бiр фазалық есептегiшінiң құны, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы үшін меншiк иесiнiң, жалға алушының (жалдаушының) төлемақы сомасы мен сол отбасының осы мақсаттарға шығындарының шектi мүмкiн деңгейi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi және іс жүзіндегі шығындар сомасынан артық болуы мүмкiн емес.
14. Берiлген өтiнiш және оған қоса берілген құжаттарды қарау нәтижелерi бойынша екi данада келiсiм-шарт жасалынады, оның бiреуi меншiк иесiнде, жалға алушыда (жалдаушыда), ал екiншiсi – уәкiлеттi органда сақталынады.
15. Аталған келiсiм-шарт тұрғын үй көмегiн ұсыну үшiн негiз болады. Уәкілетті органнан келісім-шарты алғаннан кейiн меншік иесінде, жалға алушыда (жалдаушыда) коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлерге он күндiк мерзiмде деректер базасына енгiзу үшiн ұсыну қажет.
16. Ақпаратқа сенiмсiздiк туындаған жағдайда уәкiлеттi орган:
1) өтiнiш иесiнiң тұрғын үй жағдайына тексеру жүргiзедi;
2) тиiстi ұйымдардан кiрiстер туралы ақпарат сұратады;
3) кiрiстердi жасыру фактiлерiн тексеру жөнiнде салық қызметiне жолығады;
4) тұрғын үй көмегiн мақсатты пайдалану туралы тұрғын үй инспекциясына сұраныс жасайды.
3. Қаржыландыру көздерi
17. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
18. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн алушының өтiнiшi бойынша тұрғын үй көмегiн алушының, қызмет көрсетушiлердiң, кондоминиум объектiлерiн басқару органдарының жеке шоттарына екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.
Телефон үшiн абоненттiк төлемақы, жергілікті аткарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалга алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы тарифтерінің және тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептегiштiң құнының өсуіне өтемақы төлеу алушының таңдауы бойынша, жеке шот реквизиттерiн көрсете отырып, ол таңдаған екінші деңгейдегі банктің немесе оның өтініші негiзiнде банк операцияларының тиісті түріне ҚР Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдарда жүзеге асырылады.
19. Тұрғын үй көмегiн төлеуге арналған бюджеттiк қаражаттың есептелуi мен шығыстарының дұрыстығын тексеру заңнамамен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.