Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 247 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 5766 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Ақтөбе қалалықмәслихатының хатшысы
      А. Өтегенов С. Шынтасова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы "12" желтоқсандағы № 247 шешіміне қосымша

Ақтөбе қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізбесі

      1) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-140 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      2) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 369 "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-158 болып тіркелген, 2011 жылғы 23 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      3) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 29 қыркүйектегі № 67 "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3425 болып тіркелген, 2012 жылғы 06 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімі;

      4) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 190 "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3723 болып тіркелген, 2014 жылғы 09 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған ) шешімі;

      5) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 337 "Ақтөбе қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 265 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4423 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады