Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға және бала жасынан, жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушыларға, жарақат алған, не болмаса әскери борышын орындауға байланысты емес аурулардан әскери қызметшілер қатарынан мүгедектерге 3000 теңге көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Мерекелік даталарға сәйкес, біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
"1 қазан – Халықаралық қарттар күніне" – базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге - 10000 теңге;
"1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне" – кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына - 20000 теңге.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы: А.ӨМІРЗАКОВА | Аудандық мәслихат хатшысы: А.ЕРМАҒАМБЕТ |