Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 61 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 желтоқсанда № 3464 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 қарашадағы № 191 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 06.11.2014 № 191 хатымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға және бала жасынан, жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушыларға, жарақат алған, не болмаса әскери борышын орындауға байланысты емес аурулардан әскери қызметшілер қатарынан мүгедектерге 3000 теңге көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Мерекелік даталарға сәйкес, біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      "1 қазан – Халықаралық қарттар күніне" – базалық қосымша төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге - 10000 теңге;
      "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне" – кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына - 20000 теңге.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы:
А.ӨМІРЗАКОВА
Аудандық мәслихат
хатшысы:
А.ЕРМАҒАМБЕТ

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады