Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 02.04.2013 № 32 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1, 27 баптарына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2012 жылғы 01 ақпандағы ұсынысының негізінде, Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Түйе малдарынан құтыру ауруының шығуына байланысты Қарауылкелді ауылдық округінің «Төрқұдық» елді мекенінде шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринарлық режим белгіленсін.
2. Қарауылкелді ауылдық округінің бас мал дәрігері (Г.Садуова) міндетті ветеринарлық шараларын ұйымдастырып және жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары Қ.Ізбағанбетке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық
округ әкімі Е.А. Қалиев