Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 14.08.2012 № 95 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1, 27 баптарына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2012 жылғы 05 маусымдағы ұсынысының негізінде, Қарауылкелді ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Үй жануарынан (ит) құтыру ауруының шығуына байланысты Қарауылкелді ауылдық округі, Қарауылкелді ауылында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринарлық режим белгіленсін.
2. Қарауылкелді ауылдық округінің бас мал дәрігері (М.Жүгініс) міндетті ветеринарлық шараларын ұйымдастырып және жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары Қ. Ізбағанбетке жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш оның ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық
округі әкімі: Е.А. Қалиев