Шектеу шараларын енгізіп ветеринарлық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 60 шешімі. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 маусымда № 3-4-150 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 14 тамыздағы № 95 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 14.08.2012 № 95 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1,  27 баптарына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2012 жылғы 05 маусымдағы ұсынысының негізінде, Қарауылкелді ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Үй жануарынан (ит) құтыру ауруының шығуына байланысты Қарауылкелді ауылдық округі, Қарауылкелді ауылында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринарлық режим белгіленсін.
      2. Қарауылкелді ауылдық округінің бас мал дәрігері (М.Жүгініс) міндетті ветеринарлық шараларын ұйымдастырып және жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары Қ. Ізбағанбетке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш оның ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылкелді ауылдық
      округі әкімі:                            Е.А. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады