Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 188 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 313 (нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-127 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 3 қарашасындағы аудандық «Қарғалы» газетінің № 60 (4638) санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістерименитолықтырулариенгізілсін:
2 тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
7) тармақшадан кейінгі азат жолы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақтармен толықтырылсын:
2-1 Жыл сайын зейнеткерлерге, базалық төлеммен есептегендегі төменгі мөлшерде және ең төменгі мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлерге Халықаралық қарттар күніне 10,0 (он мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін;
2-2 Жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қамтылған 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға Халықаралық балалар күніне 20,0 (жиырма мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Н. Смолинец Х. Жылқыбеков