Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 188 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-VI Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қаулысының 11 тармағына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қатты отын алу үшін он еселенген айлық есептік көрсеткіш түрінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) 1, 2, 3, топтағы мүгедектерге;
2) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
3) жетім балаларды асырап алушы отбасыларға;
4) төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;
5) қаза тапқан және қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасыларына;
6) ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендірілген көгілдір отынмен жылытуы жоқ көп балалы аналарға;
2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайын үш мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 60 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2) аудандық білім және спорт бөлімі тарапынан тоқсан сайын ұсынылған тізімдерге сәйкес үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға;
3) 1, 2, 3, топтағы мүгедектерге;
4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
5) мүгедектік тобы бар бала кезінен мүгедектерге;
6) еңбек жағдайында мертіккен мүгедектерге;
7) аудандық аурухананың ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес (амбулаторлық емдеу кезінде) туберкулезбен ауыратындарға;
алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 60 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 60 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
2-1 Жыл сайын зейнеткерлерге, базалық төлеммен есептегендегі төменгі мөлшерде және ең төменгі мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлерге Халықаралық қарттар күніне 10,0 (он мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. Шешім 2-1 тармағымен толықтырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 60 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен
2-2 Жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қамтылған 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға Халықаралық балалар күніне 20,0 (жиырма мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. Шешім 2-2 тармағымен толықтырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2012.08.08 № 60 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен
3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті көрсетуге келесі құжаттар тізбесін айқындау қажет:
өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігінің көшірмесі;
мүгедектіктік туралы анықтаманың көшірмесі;
мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың (зейнеткер, мүгедек, көп балалы ана, көп балалы отбасы, жетім балаларды асырап алушы) статусын анықтайтын анықтамасы;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
«Казпочта»АҚ төлеуші кітабының көшірмесі.
4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарғалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық
сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
Ж. Қалдығұлов Ж. Құлманов
2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 313
аудандық мәслихаттың шешіміне
қосымша
Қарғалы аудандық мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізімі
1. «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 61 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-65 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 13 мамырда аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған);
2. «Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде № 3-6-65 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 61 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 шілдедегі № 78 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 2 қыркүйекте аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған);
3. «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 61 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 123 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-81 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырда аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған);
4. «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 29 шілдедегі № 78 «Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде № 3-6-65 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 61 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 22 қазандағы № 233 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-111 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 14 желтоқсанда аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған);
5. «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 123 «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 61 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 22 қазандағы № 234 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-6-110 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 14 желтоқсанда аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған);