Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерді, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ащылысай ауылдық округінің әкімінің 27.05.2016 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімінің қазақ тіліндегі мәтіні бойынша "селосы" сөзі "ауылы" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ащылысай ауылдық округі әкімінің 18.10.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ащылысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ащылысай ауылдық округі әкімінің 18.10.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Ащылысай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
Ащылысай ауылы:
Бауыржан Момышұлы көшесі;
Панфилов көшесі;
Қазақстан көшесі;
Тың көшесі;
Мектеп көшесі;
Абай көшесі;
Бейбітшілік көшесі;
Жамбыл көшесі;
Бозтөбе ауылы:
В. Жука көшесі;
Достық көшесі;
Аққөл ауылы:
Достық көшесі;
Қыз Жібек Төлеген көшесі;
Ш. Уәлиханов көшесі;
Шернияз көшесі;
Қобланды көшесі;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Ащылысай ауылдық округі аппаратының бас маманы Е.Исмағүловқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ащылысай ауылдық | |
округінің әкімі | Н. Қонсбаев |