Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Степной ауылдық округінің әкімінің 04.04.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Степной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Степной ауылдық округінің көшелеріне келесі атаулары берілсін:
Степной ауылының:
Сәрке батыр;
Ахмет Жұбанов;
Д.А. Қонаев;
Шоқан Уәлиханов;
Б. Момышұлы;
Тәуелсіздік;
М. Оспанов;
Әлия Молдағұлова;
Жастар;
Абай;
М. Маметова;
Е.З.Ракчеев;
Қайрақты ауылының:
Ж. Жараспаев;
Әбілқайыр хан;
Жастар - Қайрақтысай ауылының көшесі Қайрақты ауылының Жастар көшесінің жалғасы болыды;
Первомай ауылының:
Қазақстан;
Мамыт ауылының:
Орталық;
Достық;
Шахтерлар.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Степной ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Б. Жолдыбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степной ауылдық | |
округінің әкімі: | Г. Жүзбаев |