Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 32 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу мақсатында Мұғалжар аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мұғалжар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі орындар белгіленсін:
Қандыағаш қаласы бойынша:
"Ақтөбеэнергомұнай" басқармасы ғимараты жанындағы алаң,
Сәкен Сейфуллин көшесі мен "Жеңіс" даңғылы қиылысындағы алаң;
Ембі қаласы бойынша:
Орталық стадионы;
Жем қаласы бойынша:
қалалық мәдениет үйі ғимараты жанындағы алаң,
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Д.Мұрзатаев | С.Салықбаев |