Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі деректемелерінде "аульного" сөзі тиісінше "сельского" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тілінде өзгерілмейді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 18.05.2017 № 10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "аула", "аульного округа" сөздері "села", "сельского округа" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 15.10.2014 № 23 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Сағашілі ауылы халқының пікірін ескере отырып, Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Сағашілі ауылының көше атаулары:
1) переулок Зеленый - Бейбітшілік тұйығына;
2) Советская көшесі - Шоқан Уалиханов көшесіне;
3) Центральная көшесі - Жеңіс көшесіне;
4) Кооперативная көшесі - Абай Құнанбаев көшесіне;
5) Степная көшесі - Сақтаған Бәйішев көшесіне;
6) 60 лет Казахстана көшесі - Бауыржан Момышұлы көшесіне;
7) Школьная көшесі - Болашақ көшесіне;
8) Почтовая көшесі - Әлия Молдағұлова көшесіне;
9) Первое мая көшесі - Ахмет Жұбанов көшесіне;
10) Набережная көшесі - Әйтеке би көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еңбек ауылдық округінің әкімі | Р.Үргенішбаев |