Еңбек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 14 "Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Сағашилі ауылының көше атауларын қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 23 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 қарашада № 4054 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Еңбек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 14 «Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Сағашилі ауылының көше атауларын қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-167 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің орыс тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «аула», «аульного округа» сөздері «села», «сельского округа» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Еңбек ауылдық округінің әкімі

Б.Қабақбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады